3-тапсырма, 129-бет. Бірінші азат жолдағы сөйлемдерді ІІ жақта жаз.(Предложения первого абзаца напиши во ІІ лице.) - Түнде өліп жатқан бала сен бе едің. әй? - дегенге артыма қарасам, бір ересек, бір кішірен бала өзен жағасына жақындай берген екен. Біреуі ашаң, сұңғақ денелі, үстінде шолақ шалбардан басқа еш нәрсе жоқ. Күнге күйіп, нүрең тартқан дененің бұлшық еттері иіріліп-иіріліп қояды. Енді біреуі менімен тұстас болуы керек, ақшыл денелі, арың, бір аяғын ақсай басып келеді.
Сын есім.
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп тіркесіп сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, асыл – мұра, әсем ән, жақсы кітап, қызық әңгіме т.б.
Сын есім мағынасына қарай сапалық және қатыстық сын есім болып бөлінеді: Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен сынын, көлемі мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен, жақсы,биік, жаман, қызыл, кең, тар, жалпақ т.б.
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы (жер), қамысты (көл), жазғы (самал), бөрікті (адам), бойшаң (жігіт) т.б.