Пікір. Қиястың әкесі майданға кетіп, науқас шешсін бағу үшін оған егістікті өз қолына алуға тура келді.
Дәлел. бірінші абзацтың соңғы жағындағы сөйлемдерден Қиястың отбасының ауыр жағдайын көруге болады.
Мысал. Кейде осындай жағдайлар өмірде де кездесіп жатады. кей отбасыларда әкесі кетіп қалып немесе ішімдікке салынған кезде ананың балаларын бағуы немесе жетім қалған балалардың бірі екіншісіне қарасуы кездесіп жатады. Мұндай жағдайда бүкіл ауыртпалық қияс сияқты үйдің үлкеніне түседі.
Қорытынды. Он төрт жасар жігіт тақырыбында Қиястың іс-әрекеті суреттелген. оның анасы науқас, әкесі майданға кеткен,сондықтан үйінің барлық ауыртпалығын өз мойнына алған. егін ісін толық білмесе де отбасы үшін барын салып жүр. Бұл нағыз қайсарлық деп білемін. Қарап отырсақ Қияс істеген жұмыс қазіргі он төрт жастағылардың бәрінің қолынан келе бермейді.
Объяснение:
Барша ұлттың мәдениетін, салт - дәстүрін құрметтеу - біздің міндетіміз.
"Ер татулығы - ел татулығы" демекші, Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес. Бұл әрбір халықтың мәдениеті мен өркениетін, салт - дәстүрін құрметтегеннен деп ойлаймын.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін. Сондықтан "Ынтымақ түбі — игілік" дегендей ынтымағы жарасқан ел болайық!
Объяснение:
.
Объяснение:
А мейірім қашса, жер бетінен жақсылық қашады» - деген екен данышпан халқымыз. Қазіргі жастар тәрбиесінде жүректі ізгілендіру, жүректі нұрландыру арқылы адам жанына әсер ету үрдісі кең қолданылып келеді. Кезінде Абай атамыз да өзінің қара сөздерінде «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ» - деген. Адамшылық, мейірбандық қасиетті бойына сіңіріп, әрбір а «өз бауырым» деп ойлауы керек. Мейірімділік дегеніміз не? Мейірімділік – ол басқалардың игіліг үшін қамқор болу. Мейірімділік адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботаснан айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын, ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын ардақтай білу. Сонымен мейірімділік деген не? Мысалы: «Мейірім» әңгімесінде Қайсар ағай жымиып қойып, былай деді: - сол баланың қайырымдылығы, жанашырлығы, мейірімділігі есіме түскенде әлі де іштей елжіреп, тәрбиелі баланың өнегелі ісіне риза боламын.