М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
TATAP2004
TATAP2004
18.12.2022 05:11 •  Қазақ тiлi

Жазылым Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат
белгісін (^) қойыңыз. Жазба жұмыстарында себеп, қимыл-сын, мақсат бағыныңқы сабақтас
құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз.
1. Жаһандық мәселе: демография
Сіз география пәні бойынша еліміздің демографиялық жағдайын зерттеп жүрсіз. Осы
зерттеуіңіз туралы шағын мақала жазыңыз.
2. Роботтар мен киборгтер әлемі
Оқушылар арасындағы мектепішілік олимпиадада «Сіздің ойыңызша, болашақта адам
еңбегін роботтар толықтай алмастыра алады ма?» тақырыбында эссе жазу тапсырылды.
Берілген тақырыпта аргументативті эссе жазыңыз.
3. Қазақстандық туризм және экотуризм
Туристік кітапшаға арнап өзіңіз тұратын қала немесе аймақ туралы нұсқаулық мәтінін
жазыңыз. Аймақ туралы барынша толық ақпарат беріп, туристерді қызықтыруға
тырысыңыз.
сделайте эссэ на одну из тем​

👇
Ответ:
DalinaSisters
DalinaSisters
18.12.2022

ответ:Жаһандық мәселелер демография эссе

ХХІ ғасырдың шегінде адамзат өз тағдырын белгілеп, өзі қалаған өмір салтын таңдайтын, өзінің айналасында болып жатқан қандай да бір құбылыстарға өзінің саяси көзқарастарын нақтылай алатын əлемдік кеңістікте, сарп еткенде, мемлекеттер үшін заңды интеграциялық үрдіс жағдайында (нақты ұйым шегінде) дамудың қай жолымен жүруі керектігі – дүниежүзілік қауымдастықтың дамуына бағытталған осындай оңтайлы бетбұрыстарына жаһандану деп аталатын құбылыс септігін тигізеді. Біздің кеңістіктік уақыттағы жоғары технологиялардың дамуымен бірге, толық дүниежүзілік инфрақұрылымның қызмет етуінің дамуы жеңілдей түседі, ал бұл жаһандану үрдісін тереңірек ұғынуға септігін тигізеді.

Жаһандану – соңғы жылдары əлемнің заманауи даму құбылыстарының ішінде неғұрлым көп талқыланып жүргендерінің бірі. Терминнің өзі ғылыми айналымға 1990 жылдары еніп, қазіргі саяси əлемнің күрделілігі мен алуантүрлілігін сипаттау үшін кеңінен қолданылып келген «постмодернизм» ұғымын көп тұстарында шеттетті. 1980 жылдардың соңында «жаһандану» сөзі ғылыми лексикада əлі кездеспеген. Мəселен, америкалық социолог П. Робертсон (Р. Robertson) жаһандану мəселелерін зерттеуді біріншілердің қатарында бастайды, ол «жаһандылық» сөзін өзінің «Обсуждая глобальность» (Interpreting Globality) жұмысының атауында қолданады. Дегенмен экология мен технологиялық пəндер аясында жаһандану жөнінде 1960 жылдары басқа терминдермен ертерек айтыла бастаған.

4,7(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Мен ағылшын пәнін өте ұнатамын.Ағылшын тілінде Ұлы Шекспирдың поэмалары,Джек Лондонның әңгімелері  жазылған. Қазіргі заманда ағылшын тілі халықаралық тіл деп есептеледі,Мысалы қай шетел қалаларына сапар шексеңде  не ол Стамбул болсын ,не Париж туристтердің   бәрі ағылшын тілінде сөйлейді.Кейбір Қазақстан қалаларындағы мысалы Атырау,Ақтау,Алматы,Астана шетелдік компаниялар ағылшын тілін білген азаматтарды қабылдайды.Сондықтан ағылшын тілін толық меңгерсем,мүмкін жақсы аудармашы болсам деп едім.

Мне очень нравится предмет-английский язык,На английском языке писали Великий Шекспир свои поэмы,Джек Лондон свои рассказы.В настоящее время английский язык стал международным языком,Например куда ты ни поехал заграничные города как Стамбул или Париж все туристы общаются на англ языке. В некоторых городах Казахстана как Атырау,Актау,Алматы,Астана иностранные компании отдают предпочтения людям которые знают англ язык.И поэтому я хочу в совершенстве овладеть англ языком может стану хорошим переводчиком.
4,5(8 оценок)
Ответ:
PrinceGangsTa
PrinceGangsTa
18.12.2022
«Өмір - сенің жарқылдайтын аспаның,
Өмір- сенің сарқылмайтын дастаның»- демекші, жасөспірімдерге өмірдің мәнін, құндылығын түсіндіру мақсатында Еңбекші орта мектебінде «Мен өмірді сүйемін» атты психологиялық апталық өтті. Оған ұстаздар мен оқушылар да қызығушылық танытты. Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғалардың алдын-алу, өмірге деген құлшыныстарын арттыруды мақсат еткен мектеп психологы Н. Букилова «Өмір сүрудің мәні» деген тақырыппен психологиялық сабақ өткізді. Сондай-ақ «Өмір балалар көзімен » тақырыбында жас суретшілер көрмесі ұйымдастырылып, жақсы сурет салған А. Төлеубекова, Д. Тайкин, Е. Қажыкен, Б. Болат, Е. Қажыкен, Д.Дәулетова, Б. Әлімбек, Нұрбол Тұрсынов және басқа балалар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталды.
Оқушылардың өмірге деген құштарлықтарын, қызығушылық-тарын ояту, тіршіліктің мәні туралы ой - пікірлерін, өмірді қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу мақсатында мектеп дәлізіне «Өмір ағашы» орнатылды. Оған 7-11 сыныптықтар өздерінің өмір туралы шығарған өлеңдерін, тілектерін жазып ілді. Д. Дәулетова, А.Сарқытов, Қ.Ануарбеков сияқты оқушылар өмір деген Алланың берген сыйы екендігін өлең жолдарымен жақсы жеткізе білді. Жоғарғы сыныптықтармен психологиялық тренинг өткізіліп, балалардың жан-жақты қалыптасуына бағыт-бағдар берілді. 5-11 сынып оқушыларымен «Спорт және мен» деген тақырыпта жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануға дағдыландыру, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету мақсатымен «Көңілді эстафета» спорттық жарысы өтті. Оны мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М. Нұртаев ұйымдастырды. Оған екі команда қатысты. І орынды «Бүркіт» командасы еншіледі. Апталықты қорытындылаған мектептің педагог-ұйымдастырушысы Г. Төлеубекова слайд арқылы «Өмірде не қымбат?» деген тақырыпта пікірталас өткізді. Оған 6-11 сыныптың оқушылары қатысты. Өмір туралы пікірлерін Е. Құдайбергенов, А. Нұрланова, Т. Тұрлынова, А. Садуақасова, Ә. Саятовалар нақты түйіндеді. Адам жарық дүниеге келген соң өмірін қалай болса солай өткізбеуі тиіс. Сондықтан қолда барды бағалай білейік!
А. ШАРАХМЕТОВА,
Еңбекші орта мектебі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.
4,5(96 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ