М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Dasěuke345
Dasěuke345
07.09.2022 21:43 •  Қазақ тiлi

Күн шығар алдындағы мезгіл? Таңның атуы мен күннің бату арасы? /
Күннің көтерілген кезі?
Күннің орта тұсы?
Күн әбден көтерілген кез?
Ымырт жабылған, қас қарайған шақ?
Кештен таңертеңгілікке дейінгі қараңғы бөлік?​

👇
Ответ:
Nastya90Lapka
Nastya90Lapka
07.09.2022

Объяснение:

Күн шығар алдындағы мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді халқымыз таң немесе таңертең деп атайды. Кейде "азан", "сахар" деген араб тілінен енген сөздер де қолданылады. Бұл мезгілдің қазақша мынадай атаулары бар. Алакеуім, алакөбе, алаң–ғұлаң, елең–алаң – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі. Құланиек, құлын сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез. Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

2. Күн көкжиектен көтерілген мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді қазақ халқы сәске деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: Сиыр сәске – күн артқан бойы көтерілген кез. Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы. Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

3. Күннің орта мезгілі Өңдеу

Күннің орта мезгілін түс деп атайды. Бұл – түскі тамақ ішіп, тынығатын уақыт. Тал (талма, тапа–тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, тынығатын шақ, сағат 1 шамасы. Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы.

4. Күн еңкейген мезгіл Өңдеу

Түс ауып, күн еңкейген мезгілді бесін деп атайды. Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шек. Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл. Құлама бесін – күн еңкейген кез. Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы. Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

5. Күн ұясына бата бастаған мезгіл Өңдеу

Бұл мезгілді қазақ халқы ақшам, ымырт деп атайды. Оның мынандай атаулары бар: Алакеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл. Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт. Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез. Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

6. Түн мезгілі Өңдеу

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы. Іңір – күн батып, қас қарайған кез. Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез. Жарым түн – түннің ортасы.[1]

4,4(56 оценок)
Ответ:
AннаКрутая
AннаКрутая
07.09.2022

ответ:Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары:

Алагеуім, алагөбе, алаң-ғұлаң, алаң-елең – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі.

Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.

Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

Күн көкжиектен көтерілген мезгілдің атаулары:

Бұл мезгілді сәске деп атайды.

Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез.

Сәске түс – түске жақындаған мезгіл, сағат 12 шамасы.

Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

Күннің орта мезгілінің атаулары:

Бұл мезгілді түс деп атайды.

Тал (талма, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі, сағат 1 шамасы

Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі, сағат 2 шамасы

Күн еңкейген мезгілдің атаулары:

Бұл мезгілді бесін деп атайды.

Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ

Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл.

Құлама бесін – күн еңкейген кез.

Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен ақшам арасы.

Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез.

Күн ұясына бата бастаған мезгіл атаулары

Бұл мезгілді ақшам, ымырт деп атайды. Оның мынадай атаулары бар:

Алагеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған мезгіл.

Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт.

Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез.

Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

Түн мезгілінің атаулары:

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы.

Іңір – күн батып, қас қарайған мезгіл.қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез.

Жарым түн – түннің ортасы.

Объяснение:

4,4(40 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
мага092
мага092
07.09.2022

Шанхай сауда орталығында тұрған аквариум шытынап, сынып кеткен кезде ішіндегі акулалар да адамдарға қарай ағылды. Акуладан басқа, аквариум ішінде жабайы тасбақалар мен басқа да жабайы балықтар бар еді.

34 тонна салмағы бар шыны құты сынғанда, адамдарға шашырап, нәтижесінде 15 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алды. Оның ішінде аяғы сынып, жараланған бір адам тез арада ауруханаға жеткізілген.  

Қасақана болғандай, бұл сауда орнында жаңажылдық сыйлықтарға жеңілдіктер жүріп жатқан екен.

Сауда кентінің қонағы:

- Апат ойда-жоқта болды. Сынған дауыс естілді де, одан кейін су басты. Бұл жарылысқа ұқсады. Сондықтан да өте қорқынышты болғанын жасырмаймын. Қасымда тұрған адамдарды су шайып кетті...

4,8(34 оценок)
Ответ:
Arinaiv1
Arinaiv1
07.09.2022
Бүгінгі таңда, әр үйде теледидарлар бар, егер бұл мүмкін болмаса, сирек кездеседі, әр бөлмеде тіпті бірнеше болуы мүмкін.

Адамдар үйге оралу үшін пайдаланылады, барлық істерін диванға жатқызып, теледидар, фильмдер немесе сериалдар, музыка немесе жаңалықтар болсын, демалуға көптеген адамдар келеді. Бұл таңқаларлық емес, адамдар үйге келіп, машинада не істейтіндерін ойлайды.

Теледидар үшін ол ерекше қызықты фильмді көру немесе әлемдегі соңғы жаңалықтарды білу үшін сирек көретін адамдар бар. Бұл - телевизияны дұрыс қабылдаған және оны шынайы мақсатпен түсініп, оны ақылмен қолданатын адамдар.

Сондай-ақ, телевизияны асыра пайдаланатын адамдар бар, олар күн сайын тәулік бойы отырады, оларға барлық бос уақыттарын береді. Мұндай адамдар, көбінесе, нені қадағалайтыны туралы ойланбайды, қарап отырған фактісі, мұндай адам үшін бақыт. Өкінішке орай, мұндай адамдар теледидар арқылы біздің уақытымызда бізден пайда көретіндермен айналысатындығын түсінбейді. Бізге шындықты білдіру керек пе, жоқ па, ақпарат беру керек. ТД-ның көмегімен жарнама бізді қызықтырады, бізге бір нәрсе ұсынылады, бізді еркін таңдаудан айыратын нәрсе.

Барлық дерлік телебағдарламалар жеткілікті шеберлікке ие кәсіби психологтарды жасайды және мүдделі тараптарға қажет жолды тартуға болатын жолдарды табуға көмектеседі. Сондықтан, әрқашан мұқият ойластырып, алынған барлық ақпаратты сіңіре отырып, осындай манипуляцияларды үнемі сақтықпен қарау керек. Мен ешкімге теледидарды көрмеуге шақырғым келмейді, демалуға немесе оқуға көмектесетін көптеген қызықты және ғылыми бағдарламалар бар
4,5(20 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ