Балқаш-Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ол алғашқы (бірінші) дәуірдің бессайыс теңізінің қалдығы болып саналады. Көл Сарыарка және сары-есік (Сары есік) құмдарының арасында орналасқан. Соңғы уақытта Балқаш көлінің деңгейі 2 м-ге төмендеді, Қазіргі Балқаштың ұзындығы 614 км, ең терең жері 26,5 М.Балқаш ежелгі түркі тілінде "саз", "балық"дегенді білдіреді. Су деңгейі кейде көтеріліп, кейде төмендейді. Ұзынарал бұғазы сары-есік пен Балқашты байланыстырады. Нәтижесінде көлдің батысындағы су тұщы, ал шығысында тұзды. Көлге негізгі су Іле өзенінен түседі. Балқаш сағасында орналасқан орманды сазды жер мемлекеттік қорғауға алынды. Балықтың 12 түрі бар: тұқы, көксерке, ақ балық, көксерке және т. б.
Объяснение:
Қызғалдақ – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады. Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.
Объяснение:
Кез-келген баланың жақсы көріп, құрметтейтін әжесі болады. Менің де әжем бар. Оның аты-жөні . Әжем өз атына сай адам. Өте ажарлы, мінезге бай, ақжарқын. Ол мені кішкентайымнан өсіріп бағып келеді. Жасы -тен асса да анам мен әкем жұмыста болған соң, мені сабаққа дайындап, шығарып салады. Ол қарындасым Жанарға да қарайлайды. Бізді қатты жақсы көреді. Күн сайын тәттілер алып беріп еркелетеді. Ол мен үшін өмірдегі ең қымбат жан. Оның дайындаған сүтке қосылған күріші тіл үйіреді. Тәп-тәтті. Қайта-қайта жей бергің келеді. Әжеме сол үшінде ризамын. Жылдан-жылға әжем қартайып бара жатқан сияқты. Шашы ағарған. Көп жүрсе қатты шаршап қалады. Мен әжеме көп ауыртпалық түсірмеуге тырысамын. Сабағымды жақсы оқимын. Бос уақытымда қазақ ақындарының өлеңдерін жаттаймын. Әжем менің алғашқы тыңдаушым. Ол қателігімді түзеп, мақтап отырады. Ақ әжем күн сайын ақыл–кеңес айтудан шаршамайды. Үнемі: «Сабағыңды жақсы оқы. Оқыған адам ғана өз арман-мақсатына жете алады. Жалқау болма, еңбекшіл бол. Өтірік айтпа. Қиянат жасама». Болашақта әжемнің айтқанын орындауға тырысамын.
Бұл өмірдегі үлкен арманым әжемнің денсаулығы мықты болып, жанымда жүре берсе екен. Мен өз әжеммен мақтанамын.
Объяснение:
надеюсь , удачи