Манас пен манасшылар Қырғыз халқының мәңгілік мәдени ескерткіші, бүкіл тарихнама шежіресі, эпостық жүздеген дастандардың-поэзияның асыл маржанынан соғылған мұнарасы МАНАС ғасырлар бойы өзімен бірге ғажайып манасшылар әулетін, өзге де сирек жыраулар тобын, шеруін туғызып келеді. Манасшылар сонау көне ғасырлар бойына бір өздері бүкіл театр міндетін атқарған. Онда бір адам әрі баяндаушы, әрі шығарушы, әрі орындаушы, еркек-әйел рольдерін атқарушы, ойнаушы, қимыл-әрекет суретшісі, қомызшы, сазгер-бәрін кереметтей басын қосқан өлшеусіз талант иелері болған. Ең ғажабы- әлденеше айлар бойына айтылатын бұл ұзақ хикаяларды еш шатастырмай миында, зердесінде ұстау қасиеті.
Достық[1] – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.[2] Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиын-шылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі.
Объяснение:
Блмим