М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
AlinaAlina707
AlinaAlina707
19.06.2022 23:14 •  Қазақ тiлi

Оқыған шығармалардан көркемдік-идеялық құндылығын гуманистік тұрғыдан талдап жазыңыз. Идеясы Шығарма Менің ойым
1.Күйдің құдіреті 1.«Күй аңызы»
2.Жердің тілсіз болмысы 2.«Айдағы жасырынбақ»
3.Апаттан зардап шеккендер 3.«Мәңгілік бала бейне»

👇
Ответ:
olga312boo
olga312boo
19.06.2022

1.Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.

Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.

әңігме болғанымен өн бойына романға тұрарлық қасиеттерді жиып тұр. көркем шығармаға қойылар барлық талаптарға жауап береді деп толық айтуға негіз бар. композияциялық сюжет, идея, мазмұн бәрі -бәрі шебер үйлесім тапқан. әңгіменің идеясы - өмірдің, уақыттың өтпелі екендігі. жазушы әр нәрсенің өз уақыты бар екендігін ашық жіткізген. Естемес қанша жақсы күйші болғанымен, жас қыздың жүрек қалауы өзінің тең құрбысы Оразымбет болады. шығарманың соңында "Дәуренім өткен екен ғой" деп өкінуі шығарманың идеясын апарар жол. идея адам өмірінің өтпелілігі, жас дәуреннің қадірі.

2.Жүніс Сахиевтің “Айдағы жасырынбақ” әңгімесі бір деммен оқылатын ғылыми фантастикалық тақырыпта жазылған. Шынымды айтсам бұрын бұндай тақырыптағы әнгімелерді мүлдем оқымайтынмын, бірақ бұл әнгіме ерекшеленді. Себебі бұл жай ғана әнгіме емес үлкен терең мағыналы әңгіме.

Қысқаша тоқталсақ, шығарманың басты кейіпкерлері Мерген мен Сартай планетолог әкесімен бірге Айға сапарға барады. Экспедиция нәтижесі Айдың белгілі бір күрделі себептердің нәтижесінде тіршіліксіз тоқтап қалғанын дәлелдеді. Бұл себептердің бірі тазалық сақтамау. Бізде соған жақындап келеміз.

3.Жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесі» - ұлт трагедиясының бір парағы. Шығармада ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның көз жасы жуған қазақ ажары әлі құрғаған жоқ. Осы бір қысқа да болса, ауыр әңгімені талқылауға белгілі әдебиет сыншысы Әлия Бөпежанова мен «Мәңгілік бала бейне» қойлымында Ләйләнің бейнесін сомдаған актриса Маржан Бексұлтанова қатысады.

4,7(80 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
larasargsian
larasargsian
19.06.2022
Жоспар:
1)Жамбыл Жабаевтың бала шағы;
2)Жамбылдың шағармашылығы;
3)Соғысқа арналған өлеңдер;

Жамбыл Жабаев Теріскей Алатауының Солтүстік бөлігінде, 1846 жылы ақпан айында Хан, Жамбыл тауларының етегінде туған. Ол кедей отбасында дүниеге келгендіктен, балалық шағы кедейлік пен жоқшылықта өтеді. Кішкентай кезінен басқа кедей балалары сияқты Жамбыл да байдың малын бағумен өткізді. Балаларын мектепте оқытып, білім беруге ата-анасының жағдайы болмады.
Жамбыл атамыздың көп шығармалары саяси тақырыпқа арналған, Ұлы Отан соғысы жылдарында қарт ақын жауынгерлерді жігерлендіретін жалынды өлеңдерімен Ұлы Жеңіске үлес қосты. "Ленинградтық өренім" атты өлеңінің аудармасы радио арқылы қала тұрғындарына таратылып, жеңістің ұранына айналды, көшелерге, үйлердің қабырғаларына жазылып ілінді. Ленинград қаласының тұрғындары үшін ұлы Жамбылдың орны ерекше. Жамбыл атында облыс, аудан, көше, мұражайлар бар.
4,4(2 оценок)
Ответ:
Віка579
Віка579
19.06.2022
Ұлыстың Ұлы күні
Ұлыстың Ұлы күні – «Наурыз» мерекесімен байланысты концептуалды ұғымдардың бірі. Ұлыстың ұлы күні деген сөз орамындағы Ұлы күн, Жылдың бас күні. Ең абзал, ең мәртебелі болып ұғынылғандықтан қазақтар Ұлы күн деп атаған. Ал ұлыс сөзі жұрт, ел, халық білдіретін жиынтық ұғымның атауы. Ұлыс оң болсын дегендегі ұлыс осы аталған мағынаны білдіреді. Қысқасы, сөз бір-бірімен байланысып, тіркесіп барып «Наурыз» мейрамы дегенді білдіреді. Мәшһүр Жүсіп: «Қазақта Наурыз деген кісі аты болған. Келін-кепшіктер атай алмай «Ұлыс күні» деп, Ұлыстың ұлы күні деп кеткен. «Ұлыс» - Түркінің ата-бабаларынан қалған ескі тіл. Біздің қазақта Ұлыстың ұлы күні – «Наурыз» - дейді.

Наурыздама тойы – «Наурыз» мерекесіне қатысты негізгі ұғымдардың бірі, наурыз көжеден басқа. Әдетте, ел ішіндегі аса бай, дәулетті адамдардың наурызды той қылып өткізуін наурыздама дейді. Наурыздама тойы бір аптаға созылып, сегізінші күні тойға келгендер тарай бастайды. Арқа еліндегі дәулетті Тәтидің наурыздама тойын өткізген деп, арғынның атақты биі Едігені жүз кісісімен күткендігі жөнінде Мәшһүр Жүсіп жазбаларында мынадай дерек бар: Сіз бір жақтан бір жаққа бара жатқан жолаушы емессіз, әдейін наурыздама қылдыра келдіңіз! Ұдайымен сегіз күн қылмаған соң, мұның қылуға не сәндігі бар?! – деп, сегіз күн күтіп, сыйлап, бір күнінен бір күнін асыра беріпті.

Тәти мырза алдырған түлкілерінің ішінде бір қара түлкісі бар, наурыздаманың үстінен келіп қалыпты. Қара түлкі алдырып келгеніне бір қуанып, «Наурыздама қылдырамын!» - деп, Едігенің келгеніне қуанып:

«Бұл наурыздама Баяудікі болды. Мен ұрғашы наурыздамасына ортақтаспаймын!» - деп, басы Едігенің өзіне түйе бастатқан тоғыз, онан кейінгісіне: біріне ат, жүз кісіден бір кісіні құр қойған жоқ. Ең аяқ атшыларға бір-бір матадан үлестіріп: - Міне, менің наурызым! – деп, сый қылыпты.

Міне, сондай жақсы күнде тасып кетіп алған дуа ұрпағынан Шорман шығып, Мұса шығып, байлық, беклік таласа қоса шығып, жалпақ Сүйіндікке құт ауыл, ұйытқы ауыл болып тұр. Бұл күндегі пәленшекем, түгеншекемнің пейіліне қарағанда, тағалы торы тай ұстап тұра алмайтұғын пейіл бар. Атасына, бабасына тиген осы екен. Оңған, ілгері басқан біреуді: «Шіркін атасына, бабасына дуа тиген тұқым ғой!» - дейді.

Халықтың Наурыз мейрамындағы салт-ғұрыптардың бір алуаны табиғатпен «тіл табысу», оны қасиеттеу мағыынасында болса, енді бір алуаны адамдар арасындағы этикалық-моральдық қатынастарды реттеу, нормаларын нығайту, жолға қою мақсатына бағытталады. Жүректе // көңілде өткен күннен дақ, реніш, өкпе-қалдықтың қалмауы, бұларды дер кезінде жүректен // көңілден кетірмесе, аяғы араздыққа, дау-жанжалға, қатыгездік пен қастандыққа апарып соқтырады. Сондықтан Наурыз мейрамында кешірім сұрау, кешіру тәрізді адамгершілік акциясы өткізілген. Мұның өзі жүректі таза ұстау, кір шалырмаудың халық ұғымында соншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. – Алматы. РПК «СЛОН», 2013. 4-том. 489-490-бет.

12 Наурыз 2015 ж.
4,5(1 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ