М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Jannacool
Jannacool
28.01.2020 07:49 •  Қазақ тiлi

Әдебиеттегі кейіптеу тәсілін қалай түсінесің,мысалдар келтіру арқылы өз ойыңды білдір

👇
Ответ:
elleonoel
elleonoel
28.01.2020

Кейіптеу– әр түрлі жануарларды, табиғат құбылыстарын немесе жансыз нәрселерді адам кейпіне келтіріп суреттейтін көркемдік тәсіл. Қазақ халқының бірқатар эпостық жырларында атқа тіл бітіп, адамша ойлап, сезетіндей етіп бейнеленеді. Ертегілер мен сықақ-мысалдарда қасқыр, түлкі, қоян,тағы басқа жануарлар адам кейпінде суреттеледі. Жазба әдебиетте кейіптеудің жаңа үлгілері мол ұшырасады. Мысалы, Абайдың “Қыс” атты өлеңінде қыс мезгілі мейірімсіз, түсі суық, қатал шал кейпінде бейнеленген. Ауыз әдебиетінде кейіптеуге шарттылық, дәстүрлі үлгіні ұстаушылық тән, жазба әдебиетте бұл тәсіл өзгеше сипат алады. М.Жұмабаевтың “Жел” деген өлеңінде желді мазасыз, дамыл алмай жүгіріп жүрген тентек бала кейпінде кескіндейді. Сөйтіп, желді жанды бейне секілді етіп алады да, “ерні өтірік қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап”, “жымиып, күліп өтеді” деп сипаттап, оны, тіпті, сұлу қызға қызықтырып: “Келдім ұшып, ғашықпын, Бір сүюге асықпын. Мойның бұр мендей әуреге”, – дейді де, “Сүйіп көзінен, Шашы, алма жүзінен”, – деп, әсерлі кейіптеу түріндегі суреттеме жасайды. Осы өлеңді тұтастай алғандағы бейнелеу тәсілін де, ерні қыбырлап, сыбырлап, жымиып, күліп деген секілді бейнелі сөздерді де кейіптеуге жатқызуға болады. Аллегория, символ секілді тұспалдап суреттеу кейіптеу тәсілімен ұштасып жатады.[1]

4,4(10 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
kabulbekova01
kabulbekova01
28.01.2020
Сөйлем мүшелері сөйлемдегі маңызына, қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер жәнетұрлаусыз мүшелер болып екі топқа бөлінеді.

Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себебін тигізіп тұрады. Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі бір сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді я сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейміз. Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Олар сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты тұрлаулы мүше және тұрлаусыз мүше болады. Бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелер, ал анықтауышты, толықтауышты, пысықтауышты тұрлаусыз мүшелер дейміз Бастауыш - сөйлемде атау септігінде тұрып, ойдың кім, не жайында екенін білдіріп, баяндауышпен қиыса байланысатын тұрлаулы мүше. *Бастауыш* кім? не? кімдер? нелер? кімім? нем? кімі? несі? және басқа сөз топтарының заттанып, атау септігіндегі сұрақтарына жауап береді. Бастауыш атау септігінде зат есім мен есімдіктен болады: Бәйге бригадаға берілді. Сіз өз басыңызды ғана ойламаңыз. (Ғ. Мұст) Атау септігінде тұрып заттанған басқа сөз топтары да (сын есім, зат есім, етістіктің есімше, тұйық етістік түрлері т.б.) бастауыш қызметін атқарады.

*Баяндауыш* - сөйлемде жіктеліп келіп бастауыштың қимылын іс-әрекетін, кім екенін білдіріп, онымен жақ жағынан, кейде жекеше, көпше (1-2 жақта) түрде қиыса байланысын қолданылатын тұрлаулы мүше. Баяндауыш не істеді? қайтті? неғылды? деген сұрақтарға жауап береді. Кейде сөйлемде бастауыш тасаланып жасырын да тұрады, ал оның қай сөз екенін баяндауыштан анықтауға болады.

На казахском "Тұрлаулы мүшелер "- на русском "Главные члены предложения "

Желаю удачи ! Сәттілік тілеймін ))
4,5(20 оценок)
Ответ:
taske047Ataske
taske047Ataske
28.01.2020
Қыс келді. Әр мезгілдің өзінің ерекшелігі бар. Қыс аппақ қарымен, көк айдын мұзымен сәнді. Күн бірде жылынып, бірде суытып тұр. Көлде мұз қатты. Қыстың таңғы салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп, көз тоймайтындай жарқырайды. Ағаш жапырақтарынан айрылған, аянышты күйге түскен. Одан самал желдің әсерімен ғажап музыка ойнап тұрғандай дыбыс шығады. Дала – тынық, тып-тыныш. Кешке таман жел күшейіп, боран басталды. Суретші аяз терезеге әсем суретін салды. Осының бәрі көзге ыстық көрінеді.
4,4(68 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ