Тіл туралы диалог (мақал - мәтелдерді қатыстырып).
- Айбибі, не істеп отырсың? Өзіңмен – өзің сөйлесіп отырсың ба?
- Жоқ, Мақпал. Түрік тілінен жаңа сөздерді жаттап, қайталап отырмын.
- Сен түрік тілін де оқып жүрсің бе?
- Ия.Менің үлкен ағам қазақ – түрік лицейінде білім алады ғой, білмеген нәрселерімді сұрап, ағамнан үйренемін.
- Қандай керемет! Ал мектепте ше, ағылшын тілін де қатар оқисың ба?
- Ия. Дәл солай.
- Қиын ғой, бірнеше тілді қатарынан меңгерген... Қалай шатаспайсың?
- Ынтаң болса, ештеңе де қиын емес. Мен керісінше көп нәрсе білгім келіп, жаңа білім алуға құштармын!
- Мен саған қызыға қарап тұрмын... Өзім ағылшын тілін онша білмейтін едім.
- Мектепте жақсылып оқып алғаның абзал. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ. Мен өз болашағымда шет тілдерімен байланыстырамын. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», "Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл" деген мақалдары - менің ұстанымым.
- Жақсы, Айбибі. Енді саған ұқсап, шет тілін ден қойып оқитын боламын!
Ол XIV-XVII ғасырларда Алтын Орда дәуірінде қазіргі Қазақстан территориясына қоныс аударған жергілікті түркі тайпаларының тілі ретінде қалыптасты [2]. Ол 17 ғасырдың ортасында қыпшақ-ноғай кіші тобының басқа тілдерінен толығымен бөлініп шықты [3].
Қазақ тілінің айрықша ерекшеліктеріне «m-b-p» және «n-d-t» фонемаларын кезектестіріп, түрік тіліндегі жалпы сөздердегі «ch» және «sh» фонемаларын «sh» және «s» -мен алмастыратын қыпшақ-ноғай тармағы жатады. сөздегі орны бойынша, сонымен қатар басқа топшалардың тілдерімен салыстырғанда, парсы және араб тілдерінен алынған қарыздар