Жеңіс.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары, көк туымызды желбіретіп, жеңіске жеткен спортшылар.
Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Жеңіс
Қазақстанның атын әлемге танытып, белгілі бір спорт түрінен сайыстан жеңіп, көк туымызды желбіретіп жүрген спортшыларымыз аз емес. Солардың ішінде қазақ боксының бетке ұстар тұлғалары Серік Сапиев пен Бекзат Саттарханов та бар. Екеуі де Олимпиада чемпиондары. Әттең, Бекзат Саттархановтың өмірі қыршыннан қиылып кетті, әйтпегенде жетер асулары әлі де алда еді. Қайсының болса да жеңісі, қазақ спортының тарихында алтын әріппен жазылған күн болып есте қалады. Қай спорт түрі болмасын, еліміздің спортшыларының әлі де шығар шыңдары биік деп білемін!
Саны белгілі бір мөлшерден төмендеп кеткен жануарларды жойылып кету қаупі төнген жануарлар қатарына жатқызамыз. Мұны туу санының өлу санынан төмендеп кеткендігінен аңғаруға болады. Адамдар аңдарды аяусыз аулап, олар мекен ететін алқаптарды тарылтуы салдарынан жануарлар табиғи мекенін тастап, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болады. Олар адамдардың іс-әрекетінен қатты зардап шегуде. Көптеген жануарлар терісі мен өзге дене мүшелерінен құнды заттар жасалатын болғандықтан ғана өлтіріледі. Бүгінде, әсіресе, сілеусіндерге жоғалып кету каупі қатты төніп тұр. Малшылар оны малдарына шабуыл жасағаны үшін өлтіреді. Саны азайған жануарлар тізімінде сүйкімді пандалар мен гориллалар да бар. Бір кездері оннан астам түрі қаптап жүретін мүйізтұмсықтардың бүгінде бес түрі ғана қалған. Сондай-ақ, ақ аю, тасбақа, дельфин, шимпанзелер де осы тізімге кіреді. Ежелгі дәуірден бері аман келе жатқан бұл жануарларды ғылым мен техника ғасырының адамдары осылай аздырып жіберді