2-тапсырма. Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.
Мысалы:Наурыз мерекесі әлемнің ең көне мерекелерінің бірі болып саналады.
Көне мерекелердің бірі
Жауабы:Көне мерекелердің бірі дүниежүзі бойынша Наурыз мерекесі екен.
1. Бұл мереке Орта Азия халықтарында мыңдаған жылдар бойы тойланып келеді.
Орта Азия халықтарында
2. Парсының ≪нау≫ сөзі әр түрлі өзгерістерге ұшыраса да, мағынасы көп халықтың тілінде
сақталған.
Әр түрлі өзгерістерге
3. Шығыс жыл санағы бойынша, бұл мереке ирандықтардың жаңа жылы- Наврузға жақын.
Бұл мереке
4. Қазақтардың Наурызды тойлау тарихын ұлы ақын Абай өзінің ≪Біраз сөз қазақтың
қайдан шыққаны туралы≫ жазбасында көшпелі халықтардың тарихымен ұштастырады
≪Біраз сөз қазақтың қайдан шыққаны туралы≫ жазбасында
5. Шығыс халықтарының Наурыз мерекесін қалай тойлағаны туралы деректер көп
Наурыз мерекесін
6. Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Болашақты
7. Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – ≪күн символын≫ салған.
Күн символын
8. Наурыздың дәстүрлі тағамы ≪Наурыз көже≫ туралы деректер өте көп.
Наурыз көже
9. Қазақстанда Наурыз мерекесі 1988 жылдан бері қайта жаңғырып,халық болып тойлау
дәстүрі өз жалғасын тапты.
Наурыз мерекесі
10. Сан ғасырлық парасат пен еңбектің нәтижесінде қалыптасқан Наурыз мерекесі
халықтың жарқын болашағының кепілі болып қала береді.
Наурыз мерекесі
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.