М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
rafik91
rafik91
29.05.2020 04:49 •  Қазақ тiлi

2. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану еліміздің тұрақты дамуының негізгі аспектісі
болып табылады. Осы пікірмен келісу не
келіспеу себептерін айқындап, ойыңызды
дәлелдеп жазыңыз.

👇
Ответ:
Арсений4455
Арсений4455
29.05.2020

Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.

Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс.

Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы мүдделерде пайдалану мемлекеттік басқаруды дамытудың жалпы бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы тиіс.

Минералдық ресурстар, өз кезегінде, аса маңызды табиғи ресурстар түрі, әлемдік өнеркәсіп өндірісінің, ғаламдық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жасампаз негізі болып табылады. Кез келген мемлекеттің, әсіресе Қазақстанның тұрақты дамуының шарттары бірнеше макроэкономикалық міндеттерді алға тартады, олардың арасында бірінші кезектегісі ұлттық резервтің негізі, ұлттық экономиканың барлық салаларының жеделдете дамуы үшін маңызды база - минералдық шикізат кешенінің жоғары әлеуетін қолдау және дамыту болып табылады

4,5(3 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
dariadariadaria2
dariadariadaria2
29.05.2020

1. Ауыспалы мағынада берілген сөз тіркесін табыңыз

А) Тас жүрек

2. Бір-біріне антоним бола алмайтын сөздерді табыңыз

В) Әлсіз – жақын

3. Ашық дауысты дыбыстарды көрсетіңіз

В) а, о, е

4. Ашық буыннан ғана тұратын сөзді табыңыз

С) Балаша

5. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшасы бар сөзді табыңыз

В) Жолдастікі

6. Буын үндестігінде маңызды рөл ойнайтынын анықтаңыз

Е) Қосымша

7. Түбір сөзді табыңыз

Е) Арман

8. – шы, - ші жұрнақтары арқылы қандай сөздер жасалатынын анықтаңыз

С) Мамандық атаулары

9. Сөзге дұрыс жалғауды қойыңыз; керует...

С) – те

10. Жалғаудың санын көрсетіңіз

С) 4

11. Жалпы зат есімді табыңыз

А) Орындық

12. – лер жалғауы қай сөзге дұрыс келетінін көрсетіңіз

А) Үй

13. Кім? Не? – қай септктің сұрақтары екенін белгілеңіз

С) Атау

14. Сын есімді табыңыз

Е) Көкшіл

15. Сан есімді сөз тіркесін табыңыз

С) Екі мұғалім

16. Есімдік пен зат есімнен тіркескен сөз тіркесін табыңыз

D) Бұның кітабы

17. Негізгі етістікті көрсетіңіз

D) Өс

18. Сұраулық шылауды көрсетіңіз

D) Біз бүгін оқимыз, сендер ше?

19. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің санын табыңыз

А) 3

20. Ол 1894 жылы туды. 1894 жылы сөйлемнің қай мүшесі екенін көрсетіңіз

Е) Пысықтауыш

21. Сен «Абай жолы» романын оқыдың ба? Сөйлемнің қай түрі екенін белгілеңіз

D) Сұраулы

22. Дара толықтауышты көрсетіңіз

Е) Анасын

23. Жайылма сөйлемді табыңыз

А) Мұғалім балаларды тізім бойынша тексерді.

24. Құрмалас сөйлемді табыңыз

D) Олар екі-үш күн ерте келгенімен, ешкімге жолыға қойған жоқ.

25. Қыстырма сөзді табыңыз

В) Бәлкім

26. Көп нүктенің орнына болымсыздық есімдігін қойыңыз. Бұл жерде ... сырымды білмейді, айтып не етейін.

А) ешкім

27. Қазақстан Республикасының Елордасы - ... толықтырыңыз

Е) Астана

28. Қазақстан шығыста қай елмен шектесетінін белгілеңіз

В)Қытаймен

29. Наурыздың қандай мейрам екенін көрсетіңіз

D) Жаңа жыл мейрамы

30. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын қаланы анықтаңыз

С) Түркістан

4,7(17 оценок)
Ответ:
striyskiy1
striyskiy1
29.05.2020
Анама жаңа жылда қандай сыйлық силасам екен,- деп қазірден ойланып жүрмін. Қазір сатып алам десең сыйлық көп қой. Бірақ, оларды мен сатып алу үшін ақшаны анамнан не әкемнен алуым керек. Сонда ол қалай болады? Менің оларды алдағаным ба, әлде өзімді өзім алдағаным ба? Енді не істемекпін, өзім қолдан жазағаным дұрыс болады ма екен? Ия, ең дұрысы сол болар. Менің анам көптен бері үйге гүл өсіргісі келіп жүр. Мен анам жақсы көретін гүлді горшокқа өзім өсіремін. Мен солай шештім. Осы ең тамаша сыйлық болады деп ойлаймын. Егер жақсы өссе анам қатты қуанар  еді. Анамның қуанғаны мен үшін зор бақыт.
4,4(54 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ