Үй жұмысы : тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастырыңыз. •Тірек сөздер: үкімет, ұлтжанды, құрбан, жомарттық , елге қызмет ету, баршылық , мұқтаж, кәріп, алғыс алу.
Тайпалық және этникалық құрамы. XI ғасырдың бірінші жартысынан XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ этникалық қауымдастығының қалыптасуы дамудың сапалық жаңа кезеңіне аяқ басады, мұның өзі ең алдымен олардың жерінде - Шығыс Дешті Қыпшақта қыпшақ хандары күш-қуатының артуына байланысты еді, ал олардың билігін өз мемлекеті шеңберінде күшті әулеттік елбөрілі руы зандастырды.
Объяснение:
Қыпшақ мемлекетінің қалыптасу кезеңі.
XI ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін олардың жері қыпшақтардың қолына өтеді.XI ғасырдың ортасында қыпшақтар оғыздарға шабуыл жасап,оларды Сырдария мен Каспий даласынан ығыстырады.Кейін көптеген тайпаларды бағындырып,Қыпшақ хандығын құрды.
Түлкі, Қоян және Әтеш ертегісіҚазақша Портфолиолар Топтамасына Тапсырыс ЖасауОрманда түлкі мен қоян өмір сүріпті. Түлкінің үйшігі мұздан, ал қоянның үйшігі ағаштан болыпты. Көктем келіп, күн жылынғанда түлкінің үйшігі, әрине, бірден еріп кетті. Жаураған түлкі қоянға келеді. — Қоян, қоян! Мені үйіңе кіргізші, жылынып алайын! Жылпос түлкі осылай алдап-сулап, аңқау қоянның үйшігіне кіріп алып, ақыры оны үйінен қуып шығады. Қоян жылап келе жатып, иттерге кезігеді. — Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой? — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. Енді міне, баспанасыз тентіреп жүргенім… — Жылама! Біз ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығамыз! Иттер жиналып, қоянның үйіне келеді. — Ау, ау, ау! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын! — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, мен далаға шықсам, сендерге жақсы болмайды ғой! Барлығыңды быт-шыт қыламын! — деді түлкі қорқытып. Иттердің үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылуды ойлап, тайып тұрды. «Үйі жоқтың — күйі жоқ» деген. Қоян қаңғи-қаңғи шаршап, тағы да жы¬лай бастайды. Алдынан аю шығады. — Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың? — Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. — Жылама! Мен оны қуып шығамын. — Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Иттер де қуып шыға алмады. — Көресің, қуып шығамын. Аю үйшіктің алдына келіп: — Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады. Түлкі болса пеш үстінен: — Шықпаймын. Шықсам саған жаман болады. Быт-шытыңды шығарамын! деп қорқытты. Аюдың үрейі ұшып кетті. Басы аманда қашып құтылу¬ды ойлады. Амалы құрыған қоян тағы да жылай бастады. Қараса, жанынан алтын айдарлы әтеш өтіп барады. Қолында күмістей жарқыраған шалғысы бар. — Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады. — Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды. — Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! — Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Иттер қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың! — Жүр, көрерсің! Қуамын! Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады. — Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын! Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді. — Шөп шабамын, шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоян үйінен шықпа¬са, оны да шалғынша шабамын! — деп Әтеш қайта әндете бастайды. Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір, тонымды киіп жатырмын!» -дейді. Әтеш әнін үшінші рет қайталай бастайды. Түлкінің зәресі ұшып кетеді. Аман-сауында зыта жөнеледі. Сөйтіп, қоян ержүрек әтештің көмегімен қайтадан өз үйінде тұра бастайды.