М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
TheMissteress
TheMissteress
12.08.2022 22:03 •  Қазақ тiлi

Бірінші мамыр мейрамының шығу тарихы әріде жатыр. Бұдан 3 мың жыл бұрын Италия тұрғындары жердің қамқоршысы, әйел құдайы Майяға табынған. Соның құрметіне бүгінге дейін мамыр айының алғашқы күні серуендеу мен салтанат мерекесі болып есептеледі. 1890 жылы Парижде өткен ІІ Интернационал Конгресінің шешімімен 1886 жылы Чикагода болған Америкалық еңбекшілердің 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, капиталистер мен қанаушыларға қарсы жанқиярлық күресінің құрметіне Варшава қаласында сол жылдан бастап 1 мамыр еңбекшілердің ынтымағы мерекесі ретінде аталып келеді. ​Айтулы мейрамды алғаш рет 1890 жылы Мажарстан, Бельгия, Алмания, Дания, Испания, Италия, Норвегия, АҚШ, Швеция, Франция сияқты мемлекеттер атап өтті. Содан бері қанша заман өтсе де, қазіргі таңда 1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды.
​1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылы наурызда дүниежүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың үлгісі Қазақстан Халықтарының Ассамблеясы құрылды. Сол кезден бастап 1 мамыр жаңаша сипат, мазмұнға ие болды. Мәтінге тақырып жазаныз

👇
Ответ:
tyzigfr
tyzigfr
12.08.2022

Бірлік күні

Объяснение:

Надеюсь

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
yankim14
yankim14
12.08.2022

Робот қоршаған әлеммен әрекеттескен кезде адамның (жануарлардың) қызметтері мен іс-әрекеттерін ішінара немесе толық атқарады. Алғашқы роботтар адамның қозғалысы мен сырт пішінін қайталады. Олар ойын-сауық мақсаттарында пайдаланылды. Қазіргі кезде тұрмыстағы көптеген қызметтерді атқаратын, қадағалайтын, мүгедектер мен сәбилерге көмекші, көңілін аулайтын, т.б. роботтар жасалынды, интеллектуалдық роботтар да пайда бола бастады. Робот техниканың дамуы барысында адамдарды бір сарынды ауыр жұмыстардан, жоғары радиациялы, жоғары немесе төмен температура жағдайларындағы және адам қатынауы қиын жерлердегі (су астында, ғарышта) жұмыстардан босататын автоматтық құрылғылар мен механизмдер түрінде жасалып, олар үнемі жетілдіріле түсуде. Мұндай құрылғылар мен механизмдер өнеркәсіптік роботтар деп аталады. Өнеркәсіптік роботтар – өндіріс процесінде адамның қозғалу және басқару сияқты іс-әрекеттерін (өндіріс заттарының орнын ауыстыру т.с.с.) және технологиялық құралдардың (айла-тетіктердің) қызметтерін орындайтын автоматтық машина.

4,7(81 оценок)
Ответ:
mollayevadinara
mollayevadinara
12.08.2022

Ас үй. Қазіргі пәтерлердің асүйі көптеген шаруашылық жұмыс түрлерін атқаруға пайдаланылады.

Негізінен ас дайындауға арналғанымен, кейде кір үтіктеу, киім тігу сияқты үйдің басқа да ұсақ-түйек істері сол бөлмеле атқарылады. Ас үй мақсатына, жабдықталуы мен пайдаланылуына қарай тамақ әзірленетін асүй, тамақ ішетін асүй, яғни асхана деп бөлінеді.

Тамақ әзірлейтін асүй негізінен тамақ әзірлеуге және шаруашылық жұмыстарын істеуге есептелген. Мұндай асүйде отбасы мүшелері тамақты әр кезде, бөлініп-бөлініп ішеді.

Тамақ ішетін асүйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс.

Асүйде атқарылатын барлық жұмыс түрінің ішіндегі ең негізгісі — уақытты көп алып, күштің де көбірек жұмсалатыны — тамақ әзірлеу және ыдыс-аяқты жинау.

Тамақ әзірлеуге әйел күніне орта есеішен 4 сағат уақыт жұмсап, бірнеше км жер жүреді екен. Оның үстіне асүйдегі жұмыс жағдайынық қолайсыздығымен бірге (ыстық, ылғал, булану, шу, ауа құрамының өзгеруі) әйелдің тамақты негізінен тік тұрып әзірлейтінін де естен шығармау керек. Асүйдегі жұмыстар тиімді түрде ұйымдастырылса, үй шаруашылығын жүргізуге жұмсалатын уақытты қысқартып, еңбекті жеңілдетуге әбден болады.

4,8(65 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
Полный доступ к MOGZ
Живи умнее Безлимитный доступ к MOGZ Оформи подписку
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ