Мәтінде неше құрмалас сөйлем бар ? Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтап , талдау жаса .
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қауіпі төніп тұрған заттар жатады . Ресурстардың сарқылуы салыстырмалы ұғым .
Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады . Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойынша жіктейді . Олар атмосфералық , су , өсімдіктер , жануарлар , топырақ , қазба байлықтар , энергетикалық және т.б. болып бөлінеді . Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты .
Ресурстардың ішінде судың орны ерекше . Су – ластану нәтижесінде уақытша ( сапалық жағынан ) сарқылатын , бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс .
Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан - жылға өзекті мәселеге айналып келеді . Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына байланысты.
Мен өзім қазақ жазушыларының Мұхтар Әуезовтің, Әбдіжәміл Нүрпейісовтің шығармаларымен көбірек таныспын. Қазақ халқының тарихын білгісі келетінге, оқушыларға "Абай", "Қан мен тер" эпопеяларын оқып шығуға кеңес берер едім.
Кітапхана қызметкерлері әдеби шығармалардың көрмесін ұйымдастырып, оларды насихаттап тұрды.