Заман талабынан қалыспай, интернет желісінің қолданушысы ретінде өзімді тұрақты «онлайнсыз» елестете алмайды екенмін. Поштамды тексеру, әлеуметтік желілерде пост, жаңалық оқып, сурет, кино қарау деген сияқты іс-әрекеттермен күндерім өтіп жатады. Интернеттің берері мол, бірақ оған деген тәуелділік тез қалыптасады.
Он шақты күн белгілі бір себептермен интернет пен теледидардың алдында отыра алмағанымнан, ақпараттық ресурстарға, желіге деген құштарлығым арта түсіп, сағына бастадым. Қолайлы уақыттарда бірнеше минуттарға болса да, таңертең ерте тұрып кіріп отырдым. Бірақ мұның өзі де жетпеді. Әбден күн тәртібіме сіңісіп кеткен болар.
Бірінші күндері уйімді тап-тұйнақтай етіп жинап, істелмеген майда-шүйде жұмыстарымды аяқтадым, қалған күнім ас үйде өтті. Дегенмен тағыда бос уақытым қалып, ішім пысты. Есіме арзанға көшіп бара жатқан бір кісілерден сатып алынған кітаптарым түсіп, ендігі бос уақытымды оқып бастай алмай жүрген кітаптармен алмастырдым. Бір романды оқып бітіріп, екіншісін бастадым. Демек осы он күнім өнімді өткен секілді.
9-мамыр Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағының жеңіске жеткен күні.
Бұл соғысқа әрбір отбасынан әкелер, ағалар, апайлар қатысты. Олардың кейбірі оралса, кейбірі майданда қаза болды. Сұрапыл соғыстың зардабын ұмытпау үшін, қаза болғандарды еске алу үшін, ардагерлерге құрмет көрсету үшін жыл сайын орталық алаңда Жеңіс күніне арналған шеру өтеді.
Міне, бүгін де сондай салтанатты мереке қаламызда өтуде. Ардагерлеріміз іс-шараның құрметті қонақтары болып төрде отыр. Олардың кеуделері орденге толы, құшақтары гүлге толы.
"Мәңгілік алау" маңында соғыста қаза болғандарды еске алу митингісі өткізіледі. Ардагерлер мен мектеп оқушылары "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қояды. Қарт сарбаздардың көзіне жас келіп, жастық шақтарын еске алды.
Объяснение: