Он екіде аттанып, қылыш ілдім білекке” дегеніне қарағанда күреске ерте араласқан жауынгер жырау санатына жатады. Тұрмыстың қыр-сырын, отбасы, елдік, ерлік, жер мәселелерін жырларында жақсы бейнелейді. Қысқа нақыл, шешен сөздердің шебері. 1742 жылы Орта жүз ру басшыларының Орынборда ант беру жиналысына өкіл болды. 1738 — 1752 жылдары қазақ-қалмақтың қанды қақтығыстарының барлығына дерлік қатысқан. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының зұлмат қан кешуін бастан өткерген. Ес білгеннен бастап 70 жыл бойы ат үстінен түспей, елі мен жерін қорғаған қас батыр, айтулы шешен, қабырғалы би, атақты жырау. Қазақ жауынгерлерінің азаттық, құлдық жөніндегі түсініктері, көшпелі халықтың тыныс-тіршілігі, болашаққа деген сенімі, адалдық-жауыздық, қиянат, әділетсіздік хақындағы таным-түсініктері Ақтамберді талғамынан өтіп жыр-толғауға айналған.
Жер бетіндегі қолдануға болатын табиғи су көздері климат өзгерісі, құрғақшылық және ластық себебімен азайып барады. Тұрмыста қолданылатын су осы қауіп төніп тұрған су көздерінен қамдалады. Су үнемдеу үшін кейбір әдістер осы су көздерінің, әрі бюджеттің сақталуына көмектеседі.
Асүйде жұмсалатын судың көбі ыдыстарға кетеді. Төрт адамдық бір отбасының бір күндік лас ыдыстары қолмен жуылғанда шамамен 100 литр су кетеді. Осыған керісінше ыдыс жуатын машиналар осы істі 12 литр сумен тындырады. Сондықтан ыдыс жууда ыдыс жуатын машина қолдануымыз керек. Машинаны да толығымен толтыруымыз керек. Көп лас емес ыдыстар үшін қысқа бағдарлама таңдау абзал.