Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.
Өскенде кім болғым келеді?
Мен ержеткенде журналист болғым келеді. Менің ойымша, бұл ең қызықты, қиын да қажетті мамандықтардың бірі. Есте сақтау қабілеті мен қиялың өте жақсы болу керек, сонымен қатар оқиғаларға тез жауап қайтару керек. Бұл үшін көп оқып, көп жаттығу керек. Сонымен қатар, газет - журналдарға жақсы мақалалар жазып, адамдармен тез тіл табысып және ұнай білу керек. Маған бұл жұмыс ұнайды, себебі мен жақсы журналист болсам, мен көп саяхаттай аламын, жаңа тілдерді үйреніп, басқа мәдениеттермен таныса аламын. Және менің ақшам көп болып, теңіз жағалауынан өзіме үй мен көлік сатып аламын. Бірақ әзірше бұл тек арман ғана.
ответ:Қашқария дәстүрі қазақ дәстүрімен бірдей.