Кәсіпқой балуан --- Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген.
Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Дүние жүзі бойынша жарыстарға қатысқан
Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді.
Қара сөздің қадірін білетін қазақ «күш атасы» деп басқаны емес, Қажымұқанды атаған. Қажымұқан туралы қалам тербеген алаш қаламгерлерін түгендеп шығу да оңай емес.Сәкен Сейфуллин, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Кенен Әзірбаев, Нартай Бекежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Әбділда Тәжібаев, Дихан Әбілев, Сапарғали Бегалин, Сәбит Мұқанов, Әуелбек Қоңыратбаев, Сырбай Мәуленов, Төлеген Айбергенов, Қадыр Мырзалиев, Ғафу Қайырбеков, Қалмақан Әбдіқадыров, Сәуірбек Бақбергенов, Жайық Бектұров, Әди Шәріпов, Зейтін Ақышев, Берқайыр Аманшин, Әлімқұл Бүркітбаев, Қапан Қамбаров, Төлеген Тоқбергенов, Мұхтар Шаханов, Жарасқан Әбдірашев, Бекен Әбдіразақов, Сабырхан Асанов, Аян Нысаналин, Құлбек Ергөбеков, Мамытбек Қалдыбаев, Захардин Қыстаубайұлы, Серік Байхонов, Жанболат Аупбаев, Әділғазы Қайырбеков, Әсия Беркенова, Есенқұл Жақыпбеков… Орыстың көрнекті ақыны Дмитрий Мартынов, белді жазушы Николай Анов… Аттары аталған бір-бір бәйтеректей ақын-жазушыларға спорт журналистерін қоссақ, Қажымұқан туралы қалам тербеген адамдардың шеті-шегі жоқ екенін бағамдар едіңіз.
Объяснение:
можешь кыскартып жазуга...
Қазақстанда баламалы энергия көздерінің үлесі 2020 жылы 3 пайызға, 2030 жылы 10 пайызға, 2050 жылы 50 пайызға дейін жетеді деп жоспарланған. Ал алдағы жылдары энергетика саласына тартылатын инвестициялардың 97 пайызы жеке секторға тиесілі болмақ.
«Болашақтың энергиясын қалыптастыру» ХІ Еуразиялық KAZENERGY форумы – ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы қорытынды шаралардың бірі. Екі күнге жоспарланған шара Қазақстан Үкіметі мен Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған. Форум БҰҰ аймақтық комиссиялары аясында биылғы жылдың 11-14 маусымында Астанада өткізілген Тұрақты дамуға арналған энергетика жөніндегі 8-ші халықаралық форум мен «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» конференциясы шеңберінде басталған келісімдердің жалғасы саналады. Форумның ашылуына Чехия, Финляндия, Ресей, Грузия, Польша елдерінің энергетика салаларының басшылары, сондай-ақ Бүкіләлемдік мұнай кеңесінің президенті Тор Файеран қатысты.
ХІ KAZENERGY Еуразиялық форумында әлемдік энергетикалық компаниялар тұрақты энергетика көздерін тиімді басқару, энергия ресурстарының өндірілуін, сақталуын және пайдаланылуын бақылау, энергия көздеріне қол жеткізу, климаттың өзгеруі және көмірқышқыл газы шығарындыларын төмендету, баламалы энергия көздерінің пайдаланылуын ынталандыру, энергиялық тиімділік бойынша бағдарламаларды және «ақылды» энергетиканы енгізу, уран және атом саласын инновациялық тұрғыда дамыту сияқты мәселелер талқыланды.