Қазақстан жерінде ең ірі ғарыш айлағы Байқоңыр орналасқан. Ғарышқа ұшу десе бірден Байқоңыр есімізге түседі. Алдымен ғарыш айлағының нақты орналасқан жерін анықтап алайық,Байқоңыр ғарыш алаңын Қызылорда облысы Қармақшы ауданы аумағында көруге болады. Әлемдегі ең тұңғыш ғарыш зымыраны осы Қазақстан жеріндегі Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған. Ол зымыран 1957 жылы ұшқаны баршамызға белгілі. Өте маңызды ақпараттың бірі, яғни әр адамзаттың санасында бар дүние, ол әрине 1961 жылдың 12 сәуірінде ғарышқа ұшқан Юрий Гагаринның ғарыш кемесімен көкке самғауы. Байқоңырдан ұшқан дүниелер Қазақстанннан ғарышқа кеткені мәлім. Байқоңырдан Күннің, Айдың, Жердің алғашқы жер серіктері, жаңа ғарыш техникалары ұшырылды. Байқоңырдан қазақ батырлары да ұшқан. Олар:Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Қазіргі уақытта "Байқоңыр" ғарыш алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Сонымен қатар а ң тарихында ерекше орын қалдырған ғарыш айлағы, оның қазақ жерінде екенін біле жүрумен қатар, тарихын да еске алып тұру керек.
Наурыз – Шығыс халықтарының ұлттық мейрамы. Наурыз парсы сөзі. «Нау»- жаңа, «рыз»- күн деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы Наурызды жылдың басы деп біледі. Наурыз мейрамы наурыз айының 22-сінде тойлайды. Бұл күні, күн мен түн теңеледі. Наурызға дейін адамдар үйлерін, қораларын, ауласын тазартады. Наурыз күні адамдар таза, жақсы киімдерін киеді. Наурыз қазақ ұғымында жаңа айдың, жаңа тілектің басталатын күні деп есептеледі. Сондықтан әрбір үй өз қолындағы барын салып, Наурыз көже жасайды. Барлық үйде қазан асылып, ет пісіріледі. Содан соң сорпасына жеті түрлі тағам салады.ол: тары, арпа, бидай, су, тұз. Бұршақ қосылады. Ежелгі түркі халықтарының ұғымында жеті киелі сан. Сондықтан Наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Дастарханға қазы, шұжық, әрәмшәк, май, жент қосылады. Бұл дәмнен барлық ел ауыз тиеді. Бұл күні барлық адам біріне – бірі қонаққа барып, ақ тілегін айтады, көңілді өткізеді. Қыдыр ата жүреді. Жақсы тілектерін айтады, сыйлықтарын береді. Наурыз күні ұлттық ойындар ойнайды. Өнер адамдары таңертеңнен кешке дейін өнер көрсетеді.
Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр - бүгін қорқак, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады. Қыран құстың кос қанаты кьірқылды, Күндей күшті күркіреген ел тынды. Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар - асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың - Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың... Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нүрлы жұлдыз - бабам тілі, сен қалдың! Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім, Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсын сен, тілім!