М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
akhmedkhatataev95
akhmedkhatataev95
09.12.2021 06:48 •  Қазақ тiлi

Ғылыми фантастика (ағылш. зсіепсе йсііоп — ғылыми туынды) — көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме, т.б. өнер салаларында қалыптасқан жанр. Ғылыми-фантастика өнердегі дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән.

Фантастика (гр. рһапіазіа —- қиялдау, рһапіазііке — қиялдау өнері) ұғымының өзі де

қиялдану өнеріне байланысты пайда болған. Қазіргі әдебиеттану мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және «ғылыми» белгілерінің ара-жігі ажыратылмаған. Әдебиетте ғылыми-фантастика — ғылыми поэзия және ғылыми проза болып, екі пішімде қалыптасты.

Ғылыми поэзия терминін әдебиеттану саласында алғаш француз поэзиясының теоретигі Рене Гиль «Сөз туралы трактат» (1896) еңбегінде қолданды. Ол ғылыми поэзияның белгілері ежелгі дәуір әдебиетінің өкілі Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» поэмасында көрініс тапқанын мысалға келтіреді. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық-әлеуметтік бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме, т.б.) қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

Қазіргі қазақ әдебиетіне ғылыми фантастика дербес жанр ретінде XX ғасырдың 70-80-жылдары республика жазушыларының шығармалары арқылы қалыптасты. Зерттеушілер қазақ әдебиетінде ғылыми фантастика жанрының алғашқы белгілерін ертегілерден («Ер Төстік», «Ұшқыр кілем», т.б.), аңыздарын («Қорқыт ата», «Баба түкті шашты Әзиз», т.б.) таратып, болашақты болжай білген халық қиялының ұшқырлығына тәнті болуда.

І.Тужырымның дұрыс, нұсқасын + бұрыс нұсқасын - белгісімен көрсетіңіз.[2]

А. Өнердегі ғылыми фантастика осыдан екі ғасыр бұрын қалыптасқан.

В. Ғылыми фантастика кинофильмдер мен көркем шығармаларда көп кездеседі.

С. Мақаланың бірінші және үшінші абзацтары анықтамалық сипатта берілген.

👇
Ответ:
Beliya1
Beliya1
09.12.2021

Маған керек

Объяснение:

4,7(15 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
alianavladova
alianavladova
09.12.2021

Объяснение:

Поэзия(гр. поіесіс, поіео — жасаймын, тудырамын) — өлең үлгісіндегі әдеби туындылар. Поэзия сөздің ырғақтық құрылысына, ұйқасына негізделеді. Поэзия ұғымы өлеңмен жазылған шығармаларды көркем прозадан ажырату үшін қолданылады. Поэзия мен прозаның айырмасы тек сыртқы белгісіне қарап анықталмайды. Поэзиялық шығармаға сезім күйі, әсерлілік тән, ал прозалық туындыларда баяндау, бейнелеу жағы басым келеді. Поэзияның көркемдік сипаты мен бейнелеу құралдарын, тілдің ырғақтық, интонация байлығын қолдануында елеулі өзгешеліктер бар. Поэзиялық шығармаларға тән айрықша қасиет — өмір құбылыстарын терең эмоциялық сезімталдықпен қабылдап, соған сәйкес әсерлі, тартымды көркем бейнелеу. Алайда поэзияда адамның ой-сезімі әдейі сырттай көркемделмейді, әдебиет пен өнердің басқа салаларындағы көркемдік, бейнелілік ойлау жүйесіне, сезім дүниесіне тән. Ой-сезімнің бейнелілігі шығарманың көркем пішініндегі әр алуан өзгешеліктердің тууына негіз болады. Поэзия ұғымы тарихи тұрғыдан ерте қалыптасқан. Қай халықтың әдебиетін алсақ та, поэзиясы ерте заманнан дамып өркендеген. Сөз өнеріндегі ертегі-аңыздар қара сөз түрінде келгенімен, поэзиямен жалғас туындады, ал көркем проза кейін қалыптасты. Сөз өнерін поэзия мен прозаға бөліп қарауданыың мәні зор. Орыс әдебиеттанушысы В.Г. Белинский: “Поэзия — тұтас өнер, онда үн де, сурет те, айқын айтылған пайымды түсінік те бар. Ол бар өнердің ерекшелігін бойына жиып, бүкілінің ұйытқысы болады” дей келе поэзияны тегі мен түріне қарай лирикалық, эпикалық, драмалық жанрларға жіктеді. А.Байтұрсынов “Әдебиет танытқышында” атап көрсеткен дарынды сөз үлгісіндегі толғау түрі поэзия ұғымына сәйкес келеді. Зерттеуші еңбегінде толғаудың мазмұнына қойылатын ішкі және сыртқы шарттарды белгілейді:

а) шын көңілден шыққан сырлы;

ә) былғаныш пікірден таза;

б) терең күйден хабар беретін, терең із қалдыратын болуы керек.

Сыртқы шарттары:

а) көңіл күйінің бейне бір билеуі тәрізді, күй мен би үйлесімдігі;

ә) қысқа;

б) әуезді болуы тиіселосы Байтұрсынов “Қазақтың бас ақыны” атты мақаласында классик.

Поэзия үлгісін Абай шығармаларынан көретіндігін айтады. Қазақ әдебиеті 19 ғ-ға дейін негізінен поэзия үлгісінде дамып өркендеді. Халық поэзиясы түрлі жанрларды қамтыды: өлең, эпостық жырлар, дастандар, т.б. Поэзия тарихи-әдеби процестің дамуына орай өркендеп, жаңа сипат-қасиеттермен толығып отырды. Қазақ поэзиясында Абайдан кейінгі дәуірде Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров, Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, т.б. қаламгерлер сөз өнерін жаңа мазмұн мен образдық жүйе, көркемдік бояу-нақыштармен байыта түсті. Қазақ поэзиясында лириканың көптеген жаңа үлгілері қалыптасты, публицистикалық поэма секілді жанрлық түрлер кеңінен орын алды.

4,4(88 оценок)
Ответ:
mihailsokolenk
mihailsokolenk
09.12.2021

Махамбет шығармашылығын Кеңес өкіметі кезінде саяси бағытқа бұрып, қоғам ықпалына орай талданды. Ұлы ақынның жырларын бай­манап, хан­патшаға қарсылық ұғымы шеңберінде ғана бағалауға ұмтылды. Бірақ, тереңірек ойлап ой таразысына салғанда, Махамбет жырларының ұстанған бағыты тереңірек еді. Махамбет қазақ халқының тәуелсіздік туын ұстанған ақын.

Тәуелсіздікке, бостандыққа үндеп, азаматтық еркіндікке ұмтылды. Осы жолда басын тау мен тасқа ұрды. Ашық айтты. Тартынбай сөйледі Поэзияның құдіретті қуат күшіне арқа сүйеп, алыстан сермеді. Туған еліміз, Қазақстан атты мемлекетіміз тәуелсіздікке қолжеткізген тұста, Махамбет жырларының қадір­қасиетін қайта қарауға, қайта талдау,басқаша бағалау міндеті алда тұр.

Махамбет туралы тұжырымды ой­пікір айту үшін, Махамбеттің құдіретті поэзиясына мағыналы баға беру үшін, ең алдымен Махамбет Өтемісұлының өмірін, Исатай Махамбет бастаған халық көтерілісін, Махамбет поэзиясының ақиқат шындығын, оның өлеңдерінің романтизмін, ең ақырында Махамбет жырларының көркемдік ерекшеліктерін ашып айтпай, Махамбет Өтемісұлы­сынды ұлы тұлғаны көзге елестете алуымыз мүмкін емес. Ғалым Қажым Жұмалиевтың дерегіне сүйенсек, Махамбет Өтемісұлы 1804 жылы Батыс Қазақстанда туғандығын, Батыс Қазақстан ол кезде, Бөкей, немесе, ішкі Орда деп аталғандығына көзіміз жетеді.

Жайық пен Еділдің екі арасында өткен өлке еді дейді ғалым. Тайманның­Исатайы да, Өтемістің Махамбеті де Беріш руының перзенті. Батыс Қазақстан поселкасында тұратын, Ерғалиев Құлбайдың айтуынша Өтеміс әулеті: Бекмағамбет, Махамбет, Исмаил, Досмаил, Қожахмет /Ахмет/ Уса, Иса,Хасей Мұса, Ибрайм сынды балалары болған дейді. Махамбеттің әкесі – Өтеміс, атасы – Құлмәлі. Жаугершілік кезде Жайық – Беріш руының батырлары Құлмәліні түрікпеннен қолға түсіріп әкелген деген дерек те бар. Махамбет ақын – шын мәнісінде халқының ұлт азаттығын аңсаған, тәуелсіздігін көксеген, әділет жолына жанын пида еткен тұлға.

Әділет жолындағы бұл іске тегін адам бармайды, жүрегінің түгі бар адам ғана бара алады. Сондықтанда Махамбет ақын: Толарсақтан саз кешіп, Тоқтамай тартып шығарға, Қас үлектен туған қатепті Қара нар керек біздің бұл іске. Қабырғасын қаусатып, Бір­біріндеп сөксе де Қабағын шытпас ер керек Біздің бүйткен бұл іске, – дейді. Бұл әділет жолына бір жола бет бұрған адамның сөзі. Жүрек толқынысы.

4,7(71 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ