Ғаламтор туралы пікір әртүрлі. Ол жайында көп айтылады. "Ғаламторды дұрыс пайдалану-мәдениеттің белгісі" бұндай пікірмен қалай келіспейсің, әрине дұрыс айтылған. Егер біз тек ғаламтордағы атысып, бірін бірі өлтіріп жататын ойындарды ғана пайдаландық дейік, онда біз бір қанішер, жауыз болар едік, немесе тек әдепсіз жарнамаларды ғана көрсек, онда не болады. Міне, сондықтан ғаламторды тек қажетіңе, дұрыс пайдалану -мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті, ғаламторда ұзақ отырсаң, алтын уақытың босқа жойылады, көзіңнің көру қабілетіне зияны тиеді, ойлау қабілетің бұзылады, бір сөзбен денсаулығыңа кері әсер етеді. Әсем табиғаттың, өмірдің әсемдігін, адамдардың қадір қасиетін байқаудан қаласың.
"Ғаламторды дұрыс пайдалану- мәдениеттің белгісі. Дұрыс пайдаланбаған ғаламтор адамзатқа қауіпті" деген пікірмен толықтай келісемін. Себебі, ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз, атап айтқанда ғаламторсыз елестету қиын. Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды. Дегенмен, ғаламторды дұрыс пайдалана білеміз бе, бар мәселе осында. Дұрыс пайдалану дегеніміз - ең алдымен ғаламторға тәуелді болмай, яғни бар бос уақытыңды сарп етпеу керек деп ойлаймын. Одан кейін түрлі сілтемелердің барлығын баса бермей, абай болу керек. Өйткені қазіргі таңда ғаламторда алаяқтық кеңінен тарап кетті. Сондай алаяқ адамдардың қармағына түсіп қалмас үшін, бөгде сайттарға кірмей, байқау керек. Одан қала берсе, қазіргі таңда ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді. Міне, осының бәрі ғаламтордың кері әсері деп білемін. Бірақ, дұрыс пайдаланған ғаламтор таптырмас пайдалы құрал екені айдан анық. Себебі оның көмегімен біз кез келген құжатты басып, шығара аламыз; қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі бар; Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі және әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.
Сондықтан да осынау пайдалы құрылғыны дұрыс әрі тиімді жағынан пайдалана білейік!
Ерте ерте ертеде бір арал болыпты. Ол аралды соқыр жас ханшайым басқарады екен. Бірақ басқарады деген атақ, оның сыртынан өгей шешесі басқарды. Өгей шешесі өзіне қажеттісін алып жүре беріпті. Бір қызығы ол арал адамдарың өзіне өзіне сендіріп, басқаруды өзіне алу үшін заңды алып тастапты. Тек елдің сен ханшайымның анасы деген сөзіне еріп масаттанып жүре беріпті. Аралда заң болмағандықтан ұрлық, тонау, зорлық-зомбылық көп болды. Аралдың байлары ақша арқылы ойларына келгеннің істеп жүрді.
Ханшайым жастайыннан соқыр қалған, өте жас, әдемі, ақылды қыз екен. Бірақ ханшайым өзін ылғи зұлым адам секілді ұстады. Оны бәрі сырттай соқыр мыстан деп айтып жүрді. Осының бәрін білген құдай аспаннаң періштені түсіреді. Періште адам секілді болды, өте сымбатты еді. Періштеге аралды қалпына келтіру туралы тапсырма беріледі. Періште жұмысқа кіріспес бұрын ханшайымның көз жанарын қайтаруды ойлайды. Осылайша ханшайымның көз жанары бір түн ішінде қайтарылады. Періште әрі қарай тапсырманы орындауға көшеді. Ханшайымның қасына көмекші болып алды. Ханшайым оған шың сенді. Енді періште адамдар алдындағы зұлымдықты тоқтату үшін ханшайымға басқарушылықты қайтып беру керектігін түсінді. Бірақ оның өгей шешсі оны бергісі келмеді. Ол ханшайымды жас , ол басқара алмайды деп бай шенеуліктерді өзіне тартты. Бұған уйренген байлар ханшайым келсе бұрынғы заңдардың қайтып келетінің біліп ханшайымның өгей шешесін жақтайды. Періште не істерін білмей адамдарға аралдың қаншалықты нашарлап кетткеннің, халықтың жағдайын айтып барынша ханшайымға түсіндіреді. Ханшайым шарасыз еді. Ол оны халық соқыр мыстан деп айтатының білетін. Періште кедей халықтарды жинап, оларға қандай жағдайда екенін айтып, басқарушыны өзгерту керектігін айтады. Халық көтерліске шыққалы жатқаның білген ханшайымның өгей шешесі : қалағандарын заң ба? Мен заңды қайтарайын, бірақ ханшайым басқарушы бола алмайды ғой, ол әлі жас дейді. Сөйтіп заңды қайтарады. Періште бүкіл халықтың алдына шығып: тағы бір заң енгізсеніз дейді.
Өгей шешесі: ия қосайын. қандай заң.
Періште: сайлау-дейді.
Өгей шешесі: (Бұл сөздің мағынасын түсінбей жазтып), қосам деді.
Осылайша халық сайлауда ханшайымды таңдап, тату өмір сүріпті.
Объяснение:
1)баданадай көз
2)В
3)В
4)Белімді бекем будым сабырлы болдым.
5)баданадай көз деген не??Тесірейе қарау