еліміздің «Қазақстан» деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 20 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы - қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 20 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен Қазақстанды бүгінде барша әлем танып отыр.Тәуелсіздік алғандағы алғашқы әрекеттердің арасында мемлекетіміздің ұлттық валютасы - теңгені енгізу, көршілес мемлекеттермен шекараны белгілеп алу, Конституциямызды бекіту бар еді. Ата Заңымызға сәйкес Қазақстан және қазақстандықтар ешкімнің жеріне көз салмайды, бірақ өз жерінің бір сантиметрін де ешкімге бермейді. Мұндай істердің орындалуы - ерекше тарихи жетістік. Айта берсек 20 жылда жеткен еліміздің жетістігі өте көп. Дегенмен, бұл жетістіктерге жетуде еліміз көп қиыншылықты көргенін ұмытпағанымыз жөн.
Өз басым тәуелсіздіктен кейін туылған буынның өкілі бола тұра, бұл Егемендіктің қандай жолмен келгенін жақсы білемін. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Тәуелсіздік – ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.
Қазіргі таңда Тәуелсіздік - барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі - ең алдымен халқымыздың бақыты. Алғашқы жылдарда басым мақсаттардың қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.
Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі.
Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпаған абзал. Бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағалай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу – біздің буынның бағыты болуы тиіс.
1.Өзге елде сұлтан болғанша,
Өз еліңде ұлтан бол!
Перевод:
В родной долине
Лучше прахом быть
Чем на чужбине
Падишахом быть.
2.Ит тойған жеріне
Ер туған жеріне.
Перевод:
Тянет пса туда,где он кормился,
Молодца туда, где он родился.
3. Әкесі өлгенді де естіртеді.
Перевод:
Что погиб отец,и эту весть
Сыну кто-то вынужден принесть.
4. Шабан үйрек бұрын ұшады.
Перевод:
Утка,что хромая
Позади идёт,
Ранее,чем стая,
Пустится в полёт
5.Мал да иесіне ұқсайды.
Перевод:
Порою походит скот
На тех,кто его пасёт.
6.Шын жыласа,соқыр көзден де жас шығады.
Перевод:
Хоть и не зрячи у тебя глаза,
Плачь от души,и потечёт слеза.
7.Өгізге туған күн баспаққа да туады.
Перевод:
Участь,что волу дана,
И телёнку суждена.
8. Кәрі келсе-асқа
Жас келе-іске.
Перевод:
Седой пришёл-так пусть садится и ест.
А молодой пришёл-работа есть.
9.Таудай талап бергенше,
Бармақтай бақ берсін.
Перевод:
Чем желанье с гору,пусть нам бог
Счастье даст,хотя бы с ноготок.
10. Сасқан үйрек артымен сүңгиді.
Перевод:
В тот миг,когда опасность рядом
И утка в пруд ныряет задом.
11. Қайтқан малда қайыр бар.
Перевод:
Почитай,что твой доход-
Найденный после пропажи скот.
12. Тәуекел түбі-желқайық
Өтесің де кетесің.
Перевод:
К кому благоволит властитель,тот
И по суху на лодке проплывёт.
13. Бергенге бесеу де көп
Алғанға алтау да аз.
Перевод:
Пять -много кажется дающему.
Шесть- мало кажется берущему.
14. Алтын көрсе,періште жолдан таяды.
Перевод:
При виде злата и пророк
Собьётся с праведных дорог.
15. Есек жүгі жеңілдеген сайын жатаған келеді.
Перевод:
Оттого что вьюк не столь тяжёл
Стал ещё ленивее осёл.
16.Торғайдан қорыққан егін екпес.
Перевод:
Кто воробьёв боится
Тот не взрастит пшеницы.
17. Ұяда не көрсең,ұшқанда соны аласың.
Перевод:
Чем кормили птенца в родном гнезде,
То и ловит птенец потом везде.
1)
1.Ақиқат
2.Жалған
3.Ақиқат
2)Екі дос сабақта тыңдап алған қызықты мәліметтерді есіне түсіріп , басқа балаларға айтады.Өз танымдық білімдерін керек уақытта қолданады.Осы мәтінде балалар жануарлар туралы танымын үлкейтіп жатыр.