Айша бибі кесенесі.
(Төменде қою әріппен жазылған материалды постерға түсіріңіз).
Айша бибі кесенесі — ХІ-XII ғасырлардағы сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Жамбыл облысы Жамбыл ауданында Айша бибі ауылында орналасқан. Сырты керамикалық плиталармен қаланып, ойып жасалған өрнектің сән-салтанаты мен сан түрлілігі жағынан Қазақстандағы басқа мемориалдық-дәстүрлік ескерткіштер ішінде оған тең келетіні жоқ. Ескерткішті қалаған кірпіштердің әртүрлілігінің өзі таң қалдырады. Оның алғашқы қалпы біздің уақытымызға дейін тек батыс қабырғасында сақталған.
Тараз қаласынан 18 км қашықтықта басқа да діни ескерткіш орналасқан. (XI- XIIғғ.) Қазіргі кезде ол кесене ЮНЕСКО қатарына алынған. Кесене құрылысын 1897 жылы В.А. Каллаур, 1938 — 39 жылы А.Н. Бернштам бастаған КСРО ҒА Қазақ филиалының тарих және материалдық мәдениет экспедициясы, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының экспедициясы зерттеген.
Мазар сырты ерекше қапталған, оны тек Бұхарадағы Исмаил Самани мазарымен ғана салыстыруға болады. Айша бибі кесенесі Орталық Азиядағы плита түрінде қапталған оюға толы толығымен кесілген терракотамен безендірілген. Кесене безендіруінде бай және әртүрлі геометриялық фигураларымен апталған.
Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Айша бибі тарихтан белгілі Қараханның әйелі. Күмбезді сол Қарахан (Әулие ата) салдырған.
Объяснение:
«Ағаш жердің көркі» шағын әңгіме.
Бір сәт айналамызға зер салып қарайтын болсақ, жердің, табиғаттың көркі ағаш екенін байқаймыз. «Бәр тал кессең, он тал ек» деген халық даналығы да бар емес пе? Яғни, ағаштарды табиғаттың ерекше жаратылысы деп білуге болады, себебі ағаштардың қоршаған ортаға тигізер пайдасы орасан зор. Өзіңіз қараңызшы: демалуға қажетті оттегіні бөліп шығарады, күннің ыстығында көлеңке береді, құстарға пана болады, жан – жағына көрік сыйлайды, табиғаттағы тепе-теңдікті сақтайды, көшедегі шудың азаюына да ықпал етеді, олардың түбінде саңырауқұлақтар өседі, тіпті, ескі ағаштарды отынға да жаратуға болады. Айта берсек, ағаштың пайдасы көп. Осыны біоген дана халқымыз «...Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді...» деп бекер айтпаса керек.
Соңғы уақытта экологияның нашарлауы салдарынан және басқа да келеңсіз жағдайлар себебінен ағаштар саны күрт азайып барады. Сондықтан еліміз бойынша жас көшеттерді отырғызу науқандары жүргізіліп, бұл шараға барлық мектеп пен орта және жоғары оқу орындарының шәкірттері түгелдей ат салысуда. Осылайша жасыл желегіміздің саны артып, айналамыз одан да құлпыра түспек. Болашақта осы жастарымыз еккен ағаштар келер ұрпаққа үлгі болады деп сенеміз.
Орфографиялық нормаларды сақтап , " Сандар " тақырыбына ертегі немесе әңгіме құрастырыңыз . Мәтінде сан есімдердің мағыналық түрлерін қолданыңыз