4-тапсырма
Ерте,ерте,ертеде Есімдік деген байдың жеті баласы болыпты. Əкесі жеті баласын өз есімдерімен атамапты. Олар:Жіктеу,Сілтеу,Сұрау,Өздік,Жалпылау,Болымсыздық,Белгісіздік. Байлығын бөліп беру үшін əкесі балаларын жинап алып. Балаларым менің жағдайым өте ауыр сол үшін мен сендерді тірі кезімде, байлығымның бəрін теңдей сендерге бөліп берейін дейді. Балаларының ішінде кім ақылды екенін білу үшін оларға тапсырма береді. Жетеуінеде жеті түрлі тапсырма береді.Жетеуіде тапсырманы мүлтүксіз орындап шығады.Əкесі балаларына байлықты теңдей бөліп берген екен.
Қаныш Имантайұлы 1899 жылдың 12 сәуірінде қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында (бұрынғы Семей губерниясының Павлодар уезіндегі Ақкелін болысы) Имантай бидің отбасында дүниеге келді. Нәрестеге - Ғабдул-Ғани деген есім берілді. Үлкен ұлы Ғабдул-Ғазизді еркелетіп Бөкеш деген сияқты, Ғабдул-Ғаниын да анасы Әлима "Ғаниым, Ғанышым" деп атаған. Бала облыстық мектепке барғанда журналға есімі Қаныш болып жазылып кеткен. Арғын тайпасы Сүйіндік руы Қаржас бөлімінен шыққан[2][3].
Сауатын ауыл молдасынан ашқан болашақ ғалым, кейін Шорман ауылында орналасқан мектепке қатынай бастайды. Төрт жылдық бағдарламаны үш жылда аяқтайды. 1911 жылдан бастап Павлодардағы 2-сыныпты орыс-қазақ училищесіне аттанады. Аталған білім ордасын мерзімінен бір жыл бұрын бітіріп шығады.
1914 жылы Семей мұғалімдер семинариясына түсіп, оны төрт жылда аяқтап, бастауыш мектептерге орыс тілінен сабақ беруге құқық беретін куәлікке ие болады.
1918 жылдың күзінде Земство басқармасының қаржысымен Алаш қалашағында ашылған, ауылдық қазақ мектептері үшін мұғалім болудан еңбек жолын бастайды. Курс бастығы - Троицк медресесін тәмамдаған Мәннан Тұрғанбаев, оқу ісінің меңгерушісі Павлодарда және Семейде өзімен сыныптас - Жүсіпбек Аймауытов.
Томск технология институтының математика факультетіне оқуға дайындала бастайды. Оқуға түсу үшін математика мен ағылшын тілінен емтихан тапсыруы керек болатын. Осы мақсатта Томск университетінің математика факультетін бітірген Семейде еңбек ететін Ғарифолла Нығметулиннен қыс бойы математика пәні бойынша қосымша сабақ алады.
1919 жылы қатты ауырып, ауруханаға түседі. Ауруханада емдеген дәрігер С.Н.Разумовский науқасқа бұдан былай Семейде қалуға болмайтындығын айтты.
Отан өз батырларымен бай. Отанның қорғаушыларынсыз, мемлекет жоқ. Батылдық, Отан сүйгіштік, достық - нағыз батырдың қасиеттері. Батырлар болып дүниеге келмейді, батыр болып қалыптасады. Кішкентай балаға балалық шақтан отаншылдыққа, құрметке тәрбиелеу керек. Атамекен үшін ата-аналарға нағыз жігітті тәрбиелеу керек! Халықта дана мақал-мәтелдер бар: "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Ер барда - ел қор болмас" және тағы басқалар. Менің пікірімше, ең басты, ең негізгі батырдың қасиеті - бұл отаншылдық. Отаншылдық - бұл туған жерге, өз халқына, ұлтқа деген сүйіспеншілік.
Мен бір билеуші туралы аңызды естідім. Бұл аңызда, кейіпкерге ауыр таңдауын жасау керек еді. Оның Отанына жау бас салады. Дұшпан қатігез болды және оның әкесін тұтқынға алады. Дұшпан талапты ұсынды: немесе ол жауға билікті береді, немесе ол әкесінен айырылады. Кейіпкер ұзақ ойлады... Егер ол билікті берсе, жау оның халқын құлдарға айналдыратынын, ол білді,. Ол өз халқын сақтап қалуды шешті.
Иә, бұл - аңыз. Бірақ ол бізді біртұтас халық болуды үйретеді, және ештеңе, ешкімді жасқанып қажеті жоқ. Біздің уақытымыздың батырлары - дәрігерлер, мұғалімдер, құтқарушылар. Дәрігерлер және құтқарушылар күнбе-күн көп өмірлерді сақтап қалады. Мұғалімдер балаларды оқытады, тәрбиелейді. Міне, біздің батырларымыз! Біздің әжелеріміз, аталарымыз - қаһармандар! Біз оларға ашық аспан мен зор денсаулық тілейміз. Олар соғысты, еңбектенді! Біздің ұрпақ осы адамдарға ұқсауы керек... Және, әрине, әр адамның ең басты, ең сүйікті батыры - бұл анасы. Ол өмірді сыйлады.
Ең бастысы - өзі үшін өмір сүру емес, Туған Жер үшін өмір сүру.