Объяснение:
Деректі зат есім. Нақтылы тануға болатын, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат атаулары.
М: кітап, мектеп, дос, су, нан, дәптер, қалам, ине,
2. Дерексіз зат есім.
Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары.
М: Ақыл, ой, бақыт, арман, білім,
Дара зат есім
Бір сөзден жасалған зат есім дара зат есім деп аталады.
М: Ана, аға, әке, көл, өзен,
1. Негізгі зат есім.
Тек түбірден жасалған зат есімдер.
М: Отан, ер, есім, дос, жол, мал, ауыл
2. Туынды зат есім
Жұрнақ жалғану арқылы жасалады
М: қуан - ыш, сез - ім, шат - тық, ту - ыс, тоңазыт - қыш, қон - ақ, тара - қ, күре - к
Күрделі зат есім
1. Екі не бірнеше сөздің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, қысқаруынан жасалады.
Мысалы: Мұражай, аққу, ба з, дос - жаран, ата - ана, сан есім, сын есім, ҚазҰУ, ата заң, ҚазҰПУ, саябақ.
Менің ойымша, намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды, адам бойында патриоттық сезімдерді оятып, елін, жерін, ұлтын ерекше қадірлеуге үйретеді. Яғни, намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады. Бойында ұлттық намысы бар адам әрқашан мәдениетін, тілін, дінін, салт – дәстүрін қастерлейді. Намысшылдық қасиет отбасымызда өз бастауын алып, ата – анамыздың үлгісімен өз жалғасын табады. Қандай заман болмасын, бізді ұлт қылған, тәуелсіз ел қылған осы намыс екенін ұмытпағанымыз жөн. Ұлттық намысымызды сақтай білейік, жүрегі «қазақ» деп соғатын намысқой жігіттеріміз көп болғай! Ұлттық ар – намысымызды сақтай білсек, ар – ождан да биік болады.