«Қыз Жібек» – қазақ халқының әйгілі лиро-эпостық жыры. Жыр – махаббат машақаты жолында туындаған оқиғаға құрылдған. Шамамен XVIІ ғасырда қазақ даласының батыс өңірінде, яғни Кіші жүз қазақтары арасында дүниеге келген жырдың нұсқалары арасында айырмашылық аз, яғни болса, кейбір сюжеттік қосындылар мен суреттеу, баяндаулардағы қысқа немесе кеңінен толғаушылық болса керек. Аталған жырды алғаш рет Е:А. Александров 1880 жылы Мұсабай ақыннан жазып алып, ұзын-ырғасын қара сөзбен орысшаға аударған болса, татар мұғалімі Фалиолла Тухватуллин Зайсан өңірінен жазып алып, 1894 жылы Қазан қаласында кітап етіп бастырған. Біз төменде аталған нұсқамен қоса Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтап, Қазанда бірнеше рет бастырған толық нұсқасын да жариялап отырмыз.Фильмнің бірінші бөлімінде Базарбай байдың Төлеген атты ұлы 14 жасқа толғанда өзіне жар іздеп, 210 сұлудың арасынан Сырлыбай ханның Жібек атты қызын ұнатқандығы айтылады. Үш ай Сырлыбай ханның елінде болған Төлеген өз еліне бармақ болып сапарға шығады. Бірақ Жібекті қызғанып, жол тосқан Бекежан қапыда Төлегенді өлтіріп, қазасын Жібекке өзі келіп естіртеді. Сол үшін Бекежан өлім жазасына кесіледі.
Фильмнің 2-бөлімінде хабарсыз кеткен Төлегенді іздеп шыққан інісі Сансызбай қалмақ ханы Қоренді өлтіріп, Жағалбайлы елін жаудан азат еткендігі айтылады.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді, тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады."Қазақ халқының даналығы көрініс тапқан жыр"Жібек — Меруерт Өтекешева
Объяснение:
Əлемде сəт сайын бір жаңалық ашылып жатыр. Ғалымдар ғажайып жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізу жолында аянбай еңбек етуде. Адам өмірін жеңілдететін роботтар осыған дәлел. Бүгінде роботтар адам атқаратын кез келген қызметті айна-қатесіз орындай алады. Үй жинап, егде кісілерге немесе балаларға күтуші болып, сатушы ретінде сатып алушылардың сұрағына жауап бере алатын роботтар, робот мұғалімдер немесе ақылды техникалар – осы заманғы ғылымының басты тенденциясы. Өткен жылы Қытайдың робот-журналисі Сяо Нань алғашқы мақаласын Southern Metropolis Daily газетіне жариялаған еді. 300 иероглифтан тұратын мақаланы жазуға робот бір секунтын ғана жұмсаған. Роботты жасаушы Бейжің университеті командасының басшысы. Оның айтуынша, Сяо Нань шағын хабарлама ғана емес, көлемді мақала жазуға да қабілетті. Оның ең басты ұтатын тұсы - мәліметтерді жылдам қорыта алады және мәтін теріп уақытын жоғалтпайды. Алайда мамандардың айтуынша, әзірге робот нағыз журналистерді алмастыра алмайды. Себебі, ақылды машиналар көлемді мақалаларды, қысқаша шолуды жасай алғанымен, сұхбат құра, терең ой қорыта алмайды. Бірақ жақын болашақта олар журналистерді толығымен ауыстыруы да мүмкін. Робот-журналистер қазірдің өзінде батыстың көптеген ірі басылымдарында жұмыс істейді. Олар, әсіресе қаржы, спорт салаларында статистикалық деректердің үлкен көлемін жедел өңдеу үшін қажет. Кейбір жағдайларда, роботтар журналистерге материалды жинауға көмектеседі және қызықты деректерді қарастырады. Мысалы, Washington post бірнеше жыл бойы Heliograf атты жазу роботын қолданып келеді. Осы уақытқа дейін робот мыңдаған мақала жазған. Ал Associated Press робот-журналистердің 20% уақытын үнемдегенін, қателер саны да айтарлықтай азайып, материалдар көлемі 10 есеге артқанын жазған. Жалпы роботтарды пайдалану журналистикаға үлкен көмек. Алайда робот-журналист тез және көлемді жаза алғанымен терең әрі жүйелі талдау жасай алмайды, материалдардың сапасы төмендеуі бек мүмкін дейді мамандар. Бірақ, мақала роботпен жазылса, онда бұл туралы айтылуы керек. Бұл роботтың авторлық құқықтарын қорғау үшін емес. Керісінше, оқырман мақаланың адам жазбағанын білуі керек. Мамандардың жүргізген зерттеулері көрсеткендей, роботтың көмегімен жазылған мақаланың рейтингі әлдеқайда төмен. Техника екенін білген соң, оқырман роботқа адамға сенгендей сенбейді. Мүмкін, оқырман роботқа айналса ғана аудитория робот-журналистерге сенетін шығар деген ой келеді.
Дереккөз::https://qazradio.fm/kz/news/13610/
Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс.