
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.
Салем!
Қазақстанда қызыл кітап деген кітап бар.Ол қызыл кітапта жойылып бара жатқан көптеген сирек өсімдіктер мен жануарлардың бірнеше түрі бар.Қызыл кітаптағы жануарларды қорғау үшін жануарлар қорығына апарады.Көп қорықтар тауда орналасады.Қызыл кітапта көбінесе сүтқоректілер кездеседі.Оның ішінде құлан өте ерекше әрі сирек кездесетін жануарларға жатады. Мен қызыл кітапқа енген жануарларды көрдім.Досым,сенде қызыл кітапқа енген жануарларды көрдің бе? Онда біз бірге Алматы қаласындағы қорыққа барып көрейік. Сау бол! Ертеңге кездескенше!
Мен бұны өзім жаздым
а.
1.сурет - Металлургия
2.сурет - Егін шаруашылығы
3.сурет - Медицина
б.
Металлургия металл өңдейді , металл бізге бірнеше нәрселер үшін керек.
Егін шаруашылығы адамдарды тамақтандыру үшін керек.
Медицина адамдарды емдеу үшін керек.