М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
kirana05
kirana05
20.02.2021 06:07 •  Қазақ тiлi

Қазақстан ғалымдары» туралы эссе жаз. 100-150сөз​

👇
Ответ:
polodo6
polodo6
20.02.2021

Объяснение:

Шығыстың ғұлама ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы бүгінде Отырар аталатын, Арыс өзенінің Сырға барып құятын сағасындағы Фараб қаласында дүниеге келді (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар қаласының маңайындағы ортағасырлық қала). Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби. Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынанӘл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды

Әбу Насырдың Платон және Аристотель философиясындағы идеяларға арналған кітабы оның философия саласындағы аса көрнекті ғалым екенін әрі философия пәнін терең меңгергенін дәлелдейді. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбу Насыр әл-Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбу Насыр атанған.Әл-Фараби философия саласы бойынша грек ойшылы Аристотельдің "Категориялар", "Метафизика", "Герменевтика", "Риторика", "Поэтика", бірінші және екінші "Аналитика", "Топикасы" және т.б көптеген еңбектеріне түсініктемелер жазды.

0

0,0

(0 оценок)

Добавить комментарий

ответ

0

turarasem77

середнячок

7 ответов

8 пользователей, получивших

Ресми мәліметтерге сәйкес , елімізде соңғы бес жыл ішінде жас ғалымдар саны алпыс пайызға артты . Бұл жас ғалымдар жарқын болашақтың іргетасын қалап , Қазақстанның атын тек мемлекеттік деңгейде ғана емес , соынмен қатар халықаралық аренада да арттыратыны сөзсіз . Елбасымыз кезекті жолдауларының бірінде болашақ бәсекеге барынша қабілетті жастардың қолында екенін атап өткен болатын.

Елімізде талантты да талапты да жастар жетерлік . Соларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп , егер нақты жобалары , стартаптары болса , онда комиссия оның қажеттілігін немесе қажетсіздігін анықтап , қаржыландыруға қояды . Яғни , жас ғалымдардың ғылыммен айналысуына бар мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалып отыр . Менің ойымша , олардың арасында әлемге Қазақстанның атын танытатын ғалымдар бар.

Сонымен қатар , қазіргі таңда жас ғалымдардың инновациялық дамуы мен шығармашылық белсенділігін арттыру үшін , жастардың назарын қазіргі ғылымдағы өзекті мәселелерді шешуге аударту және ғылыми білім беру кеңістігін одан әрі дамыту үшін түрлі ауқымды іс – шаралар өткізілуде . Жастардың ғылымға деген құлшынысын арттыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі жыл сайын сайыстар мен байқаулар өткізіп , жеңімпаздарды марапаттайды .

4,4(85 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Снежка555
Снежка555
20.02.2021

Қиял-ғажайыптар әлемі.

 Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.

 Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі.

Объяснение:

если что я списал Простите но нашёл ;3

4,8(41 оценок)
Ответ:
cvetlana15a
cvetlana15a
20.02.2021

Бірінші, журналистика мамандығын қалаушы жас талапкерлерді оқуға қабылдау барысында олардың жазу шеберлігі мен сөйлеу мəдениетіне барынша назар аудару қажет. (Бұл жерде шығарма жаздырып, газет бетіне жарияланған бірді-екілі мақаласына қарап, болашағынан «зор үміт» күтудің қажеті жоқ. Шығарманың мазмұнымен қатар тілдік-стильдік ерекшелігіне баса назар аудара отырып, талапкердің сөздік қор, тіл байлығына тереңірек мəн берілуі керек).

Екіншіден, кейінгі кездері журналистика мамандығын даярлау барысында мемлекеттік стандартта көрсетілмеген деген желеумен оқу бағдарламасынан алынып тасталған «Журналистің сөйлеу мəдениеті», «Шеберлікке баулу», «Мамандандыру» сияқты тағы да тілге, стильге, сөйлеу, жазу шеберліктеріне қатысты пəндерді толықтырып, қайта кіргізу қажет. (Себебі бұрындары «Радиохабарлар тіл стилі», «Телехабарлар тіл-стилі», «Мерзімді ба өз тіл-стилі» жеке-жеке пəн ретінде өткізілетін. Бұлай өткізу болашақ журналиске БАҚ-тың əр саласы бойынша еркін дайындалып, аталмыш мамандықтың өзіндік ерекшеліктеріне сай сөйлеу, жазу машықтарын меңгеруіне кең мүмкіндіктер беретін).

Үшіншіден, арнаулы орта мектептерде 10–11 сынып оқушыларын журналистік мамандыққа баулитын факультативтер ашылса. (Бұл, əрине, біраз мектептерде бар болғанымен, тұтастай дəстүрге айналған жоқ. Өйткені журналистика əліппесімен мектеп қабырғасында жүріп танысқан талапкерлерлің мамандықты игеру барысында көп қинала қоймайтыны белгілі).

Ұлттық журналистика мамандарын даярлау барысында біршама тəжірибелерді байқай отырып, көз жеткізген анық бір мəселе — жас талапкердің сөйлеу (жазу) мəдениеті отбасы, балабақша, мектептен қалыптасып, дамып жетілетіндігі. Бай ауыз əдебиетіміздің інжу-маржандары аңыз-əфсана, ертегі-əңгіме, жыр-дастандарымен сусындап өскен жеткіншектің көкірегі күмбірлеп, сөз əлемінде қиналмай еркін қанат қағатындығы. Əйтпесе қазіргі алмағайып заманда кекілі күнге күймей, табаны жерге тимей тас еденде ойнап өскен ұрпақтың сөзі де, ойы да жұтаң болатындығын уақыт көрсетіп отыр.

Кез келген журналист тіл мəдениетін сақтауы керек. Əдеби тіл сөйлеу тілінен нəрленсе, ба өз тілі сөйлеу тіліне əсер етеді. Ба өз тілінің дəрежесі əдеби тілдің де, сөйлеу тілінің де сапасының өлшемі. Сондықтан журналистер тілдік қорды байыту үшін көркем əдебиетті көбірек оқып, тіл тазалығы мен ой дəлдігін үйренуі керек.

Əл

4,7(2 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ