Бауыржан Момышұлына арналған қаһармандық рухтағы танымал шығарманың бірі – «Ақиқат пен аңыз». Авторы – Әзілхан Нұршайықов. Романның жазылу стилі де ерекше. Бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогы арқылы өрбиді. Шығармада Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы қанық байқалады. Батырдың жастық шағынан бері, Кеңес Армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезін, Ұлы Отан соғысының отты жылдарындағы бастан кешкендерін, одан кейінгі уақыттағы ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында толық әрі қызықты баяндайды. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне де аударылып жарияланған. 1980 жылы «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа Қазақ КСР-інің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағы берілді. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
1.Мәтін не туралы?(1б)
2.Мәтіннің жанрын анықта.(1б)
А) әңгіме ә) мақала б) аңыз
3.Мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр.(2 б)
4. «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогы үшін Әзілхан Нұршайықовқа қандай атақ берілді? (1 б)
5.Мәтіннен төмендегі сөздердің синонимдерін тап. (4 б)
батырлық -
шындық-
әйгілі-
даңқ-
Жаз
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- щіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.