Сәлем Азамат.
Саған хат жазып отырған сенің досың Айбек. Хал жағдайың қалай? Оқуың қалай? Денсаулығың қалай?
Менің хал -жағдайым жақсы. Оқуым денсаулығым жақсы. Бос уақытымда киноға барамын. Жақсы фильмдерді көремін. Достарыммен бірге таза ауада серуендеймін. Сен бос уақытыңды қалай өткізесін.? Жазғы демалыста біздің қалаға кел. Мен сені достарыммен таныстырамын. Кездескенше, Сау бол. Хат күтемін.
---
Привет Азамат.
Пишет письмо тебе твой друг Айбек. Как твое самочувствие? Как учеба? Как здоровье ?
Мое самочувствие хорошее. Учеба хорошо и здоровье хорошее.В свободное время я хожу в кино. Смотрю хорошие фильмы. Гуляю с друзьями на свежем воздухе Как ты проводишь своё свободно время? Приезжай на летние каникулы к нам в город. Я познакомлю тебя с своими друзьями. До новых встреч, Пока. Жду письма
Үш тұғырлы тіл
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа кезекті жолдауында үш тұғырлы тіл жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынған болатын. Бұл жағдайда Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылады. Бұл тілдер: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – халықаралық бизнес пен экономика тілі.
Болашақ осы үш тілді қатар, жетік меңгерген жастарымыздың қолында болмақ. Себебі қазіргі жаһандану заманында бәсекеге барынша қабілетті жастардың болашағы жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы Болон процесіне мүше болғаннан бері үш тұғырлы тіл мәселесі өз маңызын жоғалтпай, керісінше арта түсуде. Қазіргі кезде үш тілді қатар меңгеруге бар жағдай жасалып отыр, сол мүмкіндікті барынша пайдалану керек деп есептеймін. Бұл да қазіргі заман талабы. Тез өзгеріп жатқан дұниеде өмір сүріп, өз орныңды табу үшін жан – жақты болу керек. Дана халқымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деп қазіргі заман талабына сай көрегендікпен, қалай терең ойлап айтқан десеңші...!
Осы орайда мен де өз келешегімді шет тілдерімен байланыстырамын. Қазірдің өзінде мектепте ағылшын тіліне ден қойып, орыс тілін де жетік меңгеруге тырысып жүрмін.
Егер мен Сапабек болсам сондай тас жүрек болмас едім.Ата-анамды тастап, өзім жұмыс қуалап,сонау жыраққа кетпес едім.Керісінше әке-шешемді бағып, ауыл жұмысына көмектесіп, жұрт алдында күлкі болып отырмайтын едім. Елге ұнау үшін мақтанып, кеудемді қағып, жаңалығыммен жар салмас едім. Баламды әр жазғы демалыс сайын ауылға ата-апасының қолына әкеліп, әр іске шымыр, батыл қылып тәрбиелеймін! Сапабекті Ерғабыл ата мен Бағила апамыз тым ерке,өз бетімен өмір сүруге бағыттап жіберген секілді. Менің ойымша егер мен Сапабектің орнында болсам өмірімді түбегейлі өзгертіп, барынша мейірімді болып, ата-анамның жағдайын жасайтын едім.
Объяснение: