Менің отбасым төрт адамнан тұрады: Менің анам, әжем, атам және мен. Менің анам - отбасының басшысы. Ол өте ақылды, әдемі және мейірімді. Ол маған үй тапсырмасын орындауға көмектеседі. Менің әжем- мені әрқашан ойлап жүретін,өте мейірімді адам. Әжем мені аш қалдырмай, әрқашан дәмді тағамдар әзірлейді. Атам- отбасындағы ең мықты адам. Ол маған әртүрлі заттарды жөндеуге көмектеседі. Мен оның жастық шағы туралы әңгімелерін тыңдағанды ұнатамын. Ал мен- 8б сыныбының оқушысы өлең тыңдап, достарыммен қыдыруды ұнатамын. Мен жақсы оқып, ата-анамның мақтанышы болуға тырысамын. Отбасым кішкентай болғанымен, мен оны жақсы көремін. Менің отбасым- әлемдегі ең керемет отбасы.
(Диалогты қазақшаға аудару).
- Сәлем,Роман!
- Қайырлы таң,Артём!
- Сен кеше жаңалықтарды қарадың ба?
- Жоқ, ал онда не болды?
- Кеше президентіміздің елге Жолдауы жайлы айтылды.
- Мәссаған,ал Жолдау не туралы?
- Онда президент "Қазақстан 2050" стратегиясын қозғады, мемлекетіміздің басты жеті құндылығын атап өтті. Айтпақшы, сен қандай құндылықтарды білесің?
- Хм,әлбетте,қызық сұрақ.Мүмкін,басты құндылықтар – тәуелсіздік,астанамыз, елдің бірлігі, рухани және мәдени дамуы шығар.
- Ия,сен өте дұрыс айттың. Ал сен "Қазақстан 2050" стратегиясы туралы не білесің?
- Өкінішке орай, ештеңе. Мүмкін сен маған айтарсың?
- Бұл стратегия жастарға бағытталған. Басты мақсаты - әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру.
- Бұл біздің мемлекетіміз үшін маңызды қадам.Жарайды, маған кету керек.Рахмет және кездескенше.
- Кездескенше!