Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған
Тжб ма Каз тилден?
быз кеше осыны оттык
Адам болып дүниеге келген соң әр адам ананың сүті арқылы ана тілін,анасының тәрбиесін бойына сіңіріп өседі. Адам үшін ана тілі-туған тілі. Әр халықтың өз тілі,өз діні,өз әдет-ғұрпы бар. Әрбір халық өз ана тілін құрметтейді,қастерлейді. Ал өз ана тілін білмеу-надандық. "Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңде құрметте" дегендей,қанша тілді білсе де,әрбір жеке тұлға өз ана тілін құрметтей білу керек.
Қазіргі заманда адамдар ағылшын,француз тілдерін үйренуге талпынып жатыр. Себебі,ағылшын тілі шет елдермен қарым-қатынасқа түсу үшін өте қажет. Сонымен қатар,қытай,француз,орыс тілдерін біліп жүру де артық етпейді. Әр түрлі елдің тілдерін білу-мақтаныш,әрі адамның білімді екенін көрсетеді және де көптеген елдермен араласуға мүмкіндік тудырады. Үш тілден көп тілді білетін адамды "Полиглот" деп атайды. Елімізде үш тілді,яғни,қазақ,орыс,ағылшын тілдерін білу қажет. Болашақта көп тілді білудің пайдасы көп. Көптеген тілді білген адам жұмысқа да оңай орналасады. Алайда,қаншама тілді үйренсек те,ана тілімізге деген құрметті ұмытып кетпейік
2.Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды»,-деген ой айтады Ә.Бөкейханов. Әлихан ғұмыр кешкен ХІХ ғасырда қазақ қазақ билігі толық күйреді, соңғы хандарымыздың бірі Жәңгір құпия жағдайда, ал ат үстінде он жылға жуық арыстандай арпалысқан Кенесары хан бауырлас қырғыз манаптарының қолынан қапияда мерт болды. Хакім Абайды күйіндіретін «бас-басына би болған өңкей қиқым, мінекей алған жоқ па елдің сиқын»,-деген жағдайға жеттік. ХХ ғасырдың бас кезінде, кең байтақ қазақ даласын дүр сілкіндірген 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістен кейін аздаған үміт оты оянды, «оян, қазақ» деп атой салған алаш ардақтылары партия құрып, үкімет орнатты. Әлихан Бөкейханов сынды тұлғаны Көшбасшы деп таныды. Атақты Сұлтанмахмұт ақынның «Таныстыру» атты поэмасындағы келесі бір жыр жолдарына назар аударып көрейік:
Ешкімнің Әлиханға бар ма сөзі,
Демейді қандай қазақ оны оң көзі.
Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,
Талассыз жеке-дара тұр ғой өзі.
Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
Бит, бүрге, қандалаға қанын берген.
Ұрыдай сасық ауа, темірлі үйде,
Зарығып алаш үшін бейнет көрген.
Өкінішке орай қазақ елі шынайы бостандыққа жете алмады, «бұл бостандық бізге көктен келген жоқ» деп ұрандатқан кедей ақыны Сәбит Мұқанов үміттері ақталмады.
Қазақты әркім билейтін заман орнады, ең бастысы ұлтқа жаны ашымайтындардың билік басына келуі сан алуан қасіреттерге алып келді. Поляк С.С.Пестковский, грузин В.И.Нейнашивили, еврей Ф.И.Голощекин, армян Л.И.Мирзояндардың 1920-1937 жылдар аралығында билік басына келуі осының айғағы. Елі үшін құрбандыққа басын шалған, жарты өмірі бит, бүргеге таланып, түрмеде отырған, туған елінен жырақта, үй қамақта ғұмыр кешкен аяулы жанның ұлы арманы кеш те болса орындалды.
«Өз күшіне сенбеген халық та, адам да ешқашан өмір бәйгесін ала алмайды». Өз халқының өмір тепкісі мен өксігін көп көрген жағдаятын жан дүниесімен түсінген Бөкейханов осылай дейді. Қазақ халқы азаттық үшін сан рет арпалысты, өмір бәйгесінде сан рет есе жіберді. «Көп қорқытады, терең батырады
Объяснение:
Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай , Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ. Аманжолов