М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Anna06111
Anna06111
15.02.2020 04:09 •  Қазақ тiлi

Дүниежүзі тарихы бжб көмектесіңдерші 4 тоқсан​


Дүниежүзі тарихы бжб көмектесіңдерші 4 тоқсан​

👇
Ответ:
MiladKowalska
MiladKowalska
15.02.2020

1.Рим Сарышаяны,2.Онагр,3.Гастрофет,4.《Сенат пен Рим азаматтары》 символы

Объяснение:

Осылай 100% дұрыс

4,4(9 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Ramzi085
Ramzi085
15.02.2020

Абай жолы — М.Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.Ақын, ойшыл, Абайды жазушы басты кейіпкер етіп ала отырып, айналасына топтасқан көптеген қаһармандармен (бұлардың ішінде аса ірі тұлғалар мол) тығыз қарым-қатынас үстінде жан-жақты ашады. Оқиғалар мен фактілерді баяндау үстінде жазушы өмірлік тартысты барынша ашып көрсетуге, оның әлеум. мәнін күшейтуге тырысады.Мұхтар Әуезовтің қай шығармасын алсақ та, одан ағартушылық, адамгершілік сарыны, туған халқына, Отанына деген ыстық сезімі, қорлыққа, әділетсіздікке қарсылығы көзге оттай басылып тұрады. Бұған айтпасақ та дәлел болатын мәңгі өшпес, теңдесіз мұрасы - «Абай жолы».Мұхтар Әуезов – ғасырда бір туатын жазушы болса, «Абай жолы» - ғасырлық туынды, ғасырда бір туатын шығарма.

Объяснение:

тут больше 70. можете по своему сократить

4,6(77 оценок)
Ответ:
nikaknekto
nikaknekto
15.02.2020

Эссе

Абай жолы

Абай жолы — М. Әуезовтің әлемге әйгілі роман - эпопеясы. “А. ж.” — қазақтың көркем прозасын классик. стиль деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне биік эстетик. талғам, көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман - эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энцик. деңгейде жан - жақты ашып көрсеткен. Қазақтың дана ұлы Абай образын, мәңгілік тұлғасын сөз өнерінде өзгеше даралықпен сомдаған.

Әуезовтің “А. ж.” роман - эпопеясы әлемдік деңгейде: “ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі” (Луи Арагон), “Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты, табиғаттың, тұрмыстың небір ғажайып картиналарымен, адам құштарлықтарын сипаттауымен бізді іңкәр етті (Н. Тихонов). “Шынында, бұл қазақтар — неткен ғажайып халық! Осы кереметтік “Абай” романында қандай тамаша суреттелген!” (Б. Матип) деген жоғары баға алды. Сондай - ақ, бұл роман - эпопея қазақ халқын, қала берді бүкіл түркі әлемін дүние жүзіне танытқан ұлы шығарма ретінде де танылды. Ш. Айтматовтың “Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі — “Манас”, бірі — Мұхтар Әуезов” — деуі осыны айғақтайды.

“А. ж.” роман - эпопеясы жазушының ұзақ жылғы ғыл. ізденістері мен көркемдік танымының жемісі. 30 - жылдарда Абай мұрасына әр қилы баға беріліп, қым - қиғаш пікірлер айтысы туғанына қарамастан Әуезов Абайдың өмірі мен ақындық жолына байланысты зерттеулерін тоқтатқан жоқ. Л. Соболевпен бірігіп жазған “Абай” трагедиясын 1939 ж. Мәскеуде бастырды, кейін ұлы ақынның өмірін бейнелейтін опера либреттосын, киносценарий жазды.

“Абай” трагедиясында оның жанрлық ерекшелігіне байланысты ақын өмірінің соңғы кезеңі, яғни, хакім Абай бейнеленген. Мұнда Абай халықтың қамқоршысы, халық мүддесін жақтайтын күрескер, өнер - білімді уағыздаған ағартушы ретінде көрінеді. Бұл трагедияға дейін - ақ Әуезов Абай жайында роман жазуға бел байлаған. 1937 ж. жазылған “Татьянаның қырдағы әні” атты үзінді болашақ романның тарауы ретінде жоспарланған болатын. “Татьянаның қырдағы әнін” оқушы - қауым жылы қабылдады. Көп ұзамай жазушы өз ойын жүзеге асыруға тікелей кірісті. Алғашқыда романға “Телғара” деген ат бермек болды. Автордың алғашқы мөлшерлеуінде роман үш кітаптан құралмақшы болатын. Алайда, жұмыс барысында оның шеңбері кеңейтіле түсті. Әуезов алғашқыда екі кітаптан тұратын “Абай”, онан кейін мұның жалғасы болып табылатын “Абай жолы” (бұл да екі кітаптан тұратын) романын жазды. 1 - кітабы 1942, 2 - сі 1947, 3 - сі 1952, 4 - томы 1956 ж. жарыққа шықты.

Объяснение:

вот

4,6(64 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ