Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
Менің сүйікті ертегім Алдар Көсе Алдар көсе бізге халық ауыз әдебиетінің өкілі, ертегі, аңыз әңгімеле кейіпкері ретінде таныс. Алдар- тапқырлығымен, айла -амалдарымен , қулық істерімен халыққа кең танымал кейіпкер. Алдар Көсенің көптеген ертегілері маған ұнайды . Мәселен ,Алдар Көсе мен Шық бермес Шығабай әңгімесінде сараң Шық бермес Шығабайдың асын жеп, атын мініп, қызын алса, саудагерлердің өгіздерін айдап әкетеді. ОЛ байлар мен хандардың тапқан пайдасын ешқашан өз пайдасына жұмсаған емес, мақсаты- қарапайым халыққа бұйырмаған қанағатсыз байлардың байлығын шашу. Адар Көсе әділдікке жақ өтежақсы адам болған .
-Сәлем Ажар!
-Сәлем Амина!
-Қалың қалай? Не істеп жатырсың?
-Менің қалым жақсы,жатырмын.Сенің қалың қалай?
-Менікі де жақсы.
-Сен қайда болдың? Мен сені көп көрмедім.
-Мен отбасымен Лондонға бардым.Ол жер сондай әдемі маған қатты ұнады.
-Мағанда ұнайды мен ол жерге апайымен барғанмын. Онда күшті заттар өте көп. Мен сол жерге қайтадан барғым келеді
-Мен де!
-Жарайды, сау бол! Анам мені түскі асқа шақырып жатыр.
-Ас болсын! Сау бол!
-Рахмет
Объяснение:
чет кринжово