Қазақстан жерінде сүтқоректілердің - 180, құстың - 500, бауырымен жорғалаушылардың - 52, қос мекенділердің - 12, балықтың 104-ке жуық түрі бар. Омыртқасыз жәндіктер шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, т.б.) бұдан да көп. Тек жәндіктер түрлерінің өзі-ақ 30 мыңнан асады.
"Қазақстан жануарлары"Қазақстанның солтүстігіндегі орманды дала белдемінде бұлан, елік, ақ қоян, сұр тышқан, су егеуқұйрығы, орман тышқаны, бұлдырық, ақ кекілік, көл айдындарын су құстары – аққу, қаз, үйрек, шағала, тарғақ, қасқалдақ мекендеген. Еділ өзенінің жағалауынан Алтай тауы бөктеріне дейінгі астық тұқымдас шөп пен жусан, бетеге өскен далалық белдемде суыр, дала алақоржыны, сүйірбас сұр тышқан, кәдімгі сұр тышқан, дала тышқаны, саршұнақ, ал құстан – дуадақ, безгелдек, жылқышы, сұңқар, бозторғайлар, қыранқара, дала құладыны кездеседі. Көктемнен күзге дейін бұл жерлерде ақ бөкен үйірлері жайылады, олар қысқа қарай шөлді аймаққа ығысады.Едәуір бөлігін Жайық өзенінің аңғарындағы орман алып жатқан далалық белдемнің батыс бөлігін бұлан, елік жайлаған, мұнда еуропалық қара күзен, жұпартышқан, орман сусары да кездеседі. Бұдан 200 жыл бұрын түгелдей жойылуға жақын қалған құндыз қайта пайда бола бастады. Қосмекенділерден Жайық, т.б. өзендердің аңғарында тарбақа, орман бақасы, т.б. кездеседі. Мұнда бұлдырық, сұр кекілік, тырна, бозторғай көп. Далалық белдемнің шығысында суыр, дала тышқаны, далашақылдағы, ақ қоян, сілеусін, елік, арқар мекендеген. Өсімдік жамылғысы әркелкі шөлейт белдемде саршұнақтар мен қосаяқтың, құм тышқаны мен қоянның бірнеше түрі кездеседі. Мұнда ақ бөкен де, сондай-ақ 20 ғ-дың 40 – 50 жылдарында қарақұйрық та көптеп кездесетін. Бұл белдемде құстан дуадақ, шіл, қылқұйрық, бозторғай, т.б. бар. Қыста қар тоқтап, көктемде қар суы жиналатын Үстірт пен Маңғыстау жартастарының арасында кездесетін үстірт арқары жұтаң өсімдіктермен қоректеніп, ащы суды қанағат етеді. Үстіртте ұзын инелі кірпі, қарақұйрық, шөл сілеусіні – қарақал кездеседі.Сазды және қиыршық тасты шөл дала жануарларынан Қазақстаннан басқа жерде кездеспейтін ерекше тұқымдас өкілі – жалманды атап өткен жөн. Ол тек Бетпақдалада, Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы кейбір аудандарда, Алакөл және Зайсан қазаншұңқырында ғана бар. Солүстік Балқаш маңындағы бірнеше жерден ғана тіршілік ететін бес башайлы ергежейлі қосаяқ та ерекше жануар. Мұнда құстан шіл, қылқұйрық, тырна, жек дуадақ кездеседі. Оңтүстік Балқаш құмында осы араға ғана тән сексеуіл жорға торғайы, шөл дала жапалағы тіршілік етеді. Құмайтты шөлде бірқатар кесіртке (жұмырбас, ешкіемер), жылан (оқ жылан, айдаһар, қара шұбар жылан, т.б.) түрлері, дала тасбақасы тараған. Республиканың қиыр оңтүстігіндегі кейбір жерлерде келес сақталып қалған. Өзен-көл аңғарларындағы орман-тоғайларда елік, жабайы шошқа, құм қояны, қырғауыл, т.б. кездеседі. Балқаш, Сасықкөл, т.б. көлдердің жағалауындағы қалың қамыс арасында бірқазан, жалбағай, ақ құтан, көк құтан, қарақаз, шағала бар. Алакөл айдынын өте сирек кездесетін, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген реликт шағала қоныстайды. Қазақстанның шығысы мен оңтүстігін қоршап жатқан таулардың жануарлар дүниесі де сан алуан. Қылқан жапырақты Алтай ормандарында бұлан, марал, құдыр, сібір таутекесі, арқар, алтай көртышқаны, қоңыр аю, бұлғын, құну, күзен, барыс, тиін, борша тышқан, алтай суыры, құр, шіл, т.б. кездеседі.
Қазақстанда неше ұлт өкілдері тұрады? Сколько представители наций проживает в Казахстане? А) 150 ұлт өкілдері Б) 500 ұлт өкілдері В) 130 ұлт өкілдері Г) 10 ұлт өкілдері 2.Болымсыз етістіктің жұрнағын тап. Найди оканчание отрицательного формы глагола. А) –ған,-ген,-қан,-кен; Б) –ма,-ме,-ба,-бе,-па,-пе; В) –қа,-ке,-ға,-ге; Г) –қы,-кі,-ғы,-гі. 3. «Атамекен» әнінің әнін жазған кім? Кто написал музыку песню «Атамекен»? А) Роза Рымбаева Б) Қайрат Нұртас В) Ескендір Хасанғалиев Г) Мадина Садуақасова 4. Мұхтар Мағауин қайда және қашан дүниеге келген? Где и когда родился Мухтар Магауин? А) 1940жылы 2 ақпанда Семей облысында Б) 1960 жылы 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында В) 1980 жылы 15 ақпанда Орталық Қазақстанда Г) 1941 жылы 2 ақпанда Семей облысында 5. Мұхтар Мағауин қандай сыйлықтың лауреаты? Мухтар Магауин лауреат какой премии? А) Зерде Б) Қыран В) Оскар Г) Тарлан 6. «Бір атаның балалары» повесінің кейіпкерлерін тап. Найди персонажей повести «Бір атаның балалары». А) Дәуренбек, Ахмет шал, Сабырбек,Асылан Б) Зигфирд, Асқар, Яков, Тамара В) Дәуренбек, Ахмет шал, Зигфирд, Ертай,Нартай, Яков,Рашид Г) Ертай,Нартай, Яков,Рашид, Қайрат, Марат 7. «Жерұйық» фильмінің басты кейіпкері кім? Кто главный герой фильма "Жеруйык"? А) Оралбай Б) Орынбай В) Орынбасар Г) Оралтай 8. Атау септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в именительном падеже. А) Әлия Б) Серіктен В) Ленаның Г) Арманға 9. Ілік септікте тұрған сөзді тап. Найди слова в родительном падеже А) досым Б) Сәуленің В) мұхитта Г) інім 10. Жатыс септіктің тұрған сөзді тап. Найди слова в местном падеже. А) үйлер Б) үйші В) үйде Г) үйге