Жіктеу
Жекеше (ед.ч)
Мен оқушымын Мен мұғаліммін
Сен оқушысың Сен мұғалімсің
Сіз оқушысыз Сіз мұғалімсіз
Ол оқушы Ол мұғалім
Көпше (мн.ч.)
Біз оқушымыз Біз мұғалімбіз
Сендер оқушысыңдар Сендер мұғалімсіңдер
Сіздер оқушысыздар Сіздер мұғалімсіздер
Олар оқушылар Олар мұғалімдер
Септеу
Атау септік (кім?) оқушы мұғалім
Ілік септік (кімнің?) оқушының мұғалімнің
Барыс септік (кімге?) оқушыға мұғалімге
Табыс септік (кімді?) оқушыны мұғалімді
Жатыс септік (кімде?) оқушыда мұғалімде
Шығыс септік (кімнен?) оқушыдан мұғалімнен
Көмектес септік (кіммен?) оқушымен мұғаліммен
Объяснение:
Түлкі ең ажарлы жыртқыш аңдардың бірі. Терісінің реңі қызғылт сары, құйрығы ұзын әрі жүндес, тұмсығы ұзын әрі жіңішке, ал көздерінен ақыл әрі айлакерлік аңғарылады. Түлкі кішкентай ит шамалас. Жирен аңның реңі шіп-шикіл түстен сұр түске дейін кездеседі. Солтүстік жақта мекендейтін түлкілердің терісі қызғылт түсті, қыр далада мекендейтін түлкілердің терісі сұр және сары түстес. Терісі қара түсті түлкілер де болады. Қара сұр түлкі терісі ең әдемі болып саналады. Сол себептен қара сұр түсті түлкілерді бұрыннан бері фермаларда өсіреді.Түлкі Еуропада да, Азияда да, Америкада да, Африкада да өмір сүреді. Бұл аң кез-келген климат жағдайына бейімделе алады. Оңтүстік жақта мекендейтін түлкілер солтүстік жақтың түлкілеріне қарағанда ұсақтау келеді, оған қоса солтүстіктің түлкілерінің терісі әлдеқайда қалың және мамық. Түлкі аса тәсілқой және шапшаң аң. Оның жүгіруі соншалықты ұшқыр, тіпті иттің оны қуып жетуі қиынға соғады. Сонымен қатар ол өте айлакер: өз ізін жасыру және қорек табу үшін әртүрлі айла-тәсіл ойлап таба алады.