М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Ирма69
Ирма69
15.01.2021 07:16 •  Қазақ тiлi

Ұрпақ тәрбиесінде салт - дәстүрлердің мәні .эссе быстро нужно для тжб​

👇
Ответ:
Anazrk
Anazrk
15.01.2021

Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мысалы, Қазақстанның ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық, ерлік дәстүрді тудырған. Отанын сүю, елін қорғау ер азаматтардың міндетіне кірген. Ауыз әдебиетіндегі батырлар бейнесі осылай туған. Осыны болашақ ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлттық идеология қалыптастырған. Сондықтан да халқымызды азаматтыққа, батырлыққа, шешендікке, көрегендікке тәрбиелеу де ұлттық идеологияның міндеті. Біздің билеріміз, жырауларымыз жырлап, үлгі тұтқан әділеттілік те халықтың шынайы қасиеті. Қазақ – ұлттық дәстүр дегенге ерекше мән беретін халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Солардан қолдау тілеп жатамыз. “Өлі риза болмай, тірі байымайды” деген мақалды да жиі қолданамыз. Ал, осы дәстүр дегеніміздің өзі не? Меніңше, ол – халықтың ұзақ өмірінде қалыптасып, сұрыпталған жақсы қасиеттердің тұтас бітімі, көзқарасы, түсінігі, шындықты тану өрнегі. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді. Олар жинақтала келіп, ұлттық белгілерді анықтайды, ұлттық сипатты танытады. Әрине, өмір бір қалпында тұрмайды, жаңарып, жалғасып жатады. Соған байланысты ой-сана, ұғым-түсінік, талғам жаңарады. Жаңарып, өзгеріп жатқан қоғам, қоғамдық қатынастар дәстүрге белгілі дәрежеде әсер етеді. Оны өзгертуге, әлемдік көз-қарастардың ырқына бағындыруға тырысады. Әр халықтың бойында жаңаны қабылдау қасиетімен бірге кертартпалық та болады. Осы кертартпалық, ең алдымен, дәстүрге қатысты. Біз жаңаны қабылдай тұрып, ескі әдетті, мінез-құлықты, яғни дәстүрді сақтауға тырысамыз. Ұлттың ұлттылығын сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін тұрақтандырып, ол үшін күресу қажеттігі де осыдан туады. Қазақ мемлекетінің ұлттық идеологиясы да, менің ойымша, халқымыздың осындай жолмен қалыптасқан әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, тілін, дінін сақтап дамытуға, осы жолда жаңа заман ұсынып отырған қажеттіктерді өз сараптауымыздан өткізе отырып, қабылдауға құрылуы керек. Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Ол да дәстүрге кіреді.

4,8(98 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Roma1231
Roma1231
15.01.2021

1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері

Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/

4,6(48 оценок)
Ответ:
2303010
2303010
15.01.2021

Обответ:

Əнші құм" Жетісу жеріндегі Үлкен Қалқан, Кіші Қалқан тауларының қасында жатыр.

Биіктігі 150 м-дей, ұзындығы 8 км, ені 3 км.

Себебі Құм суынып жел әсерінен қозғалысқа келген кезде, одан кәдімгі сырнайдан шыққан таза ән ырғағына ұқсас үн естуге болады; егер жел күшейсе, құмнан шыққан реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады. Бұл табиғат құбылысы көбіне түнде шығыстан салқын жел соққанда естіледі.

реактивті ұшақтың гүрілі сияқты дауысқа ұласады.

Себебі Жел соққан кезде ұсақ құм төмен қарай ұшады

4,5(38 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ