Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова (шын есімі Мәнсия) — 1922 жылы Орал облысы Бөкей Ордасы ауданында туған. Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Алматы медициналық институтында оқып жүрді.
1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-інші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.
Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. 1943 жылы қазанның 16-сында Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
Қаһарман қазақ қызына 1944 жылы Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Туған жерінде оған ескерткіш орнатылған, Невель, Алматы, Орал қалаларында Мәншүк атында көшелер бар. Қазақстанда оның атымен мектептер, басқа да оқу орындары аталады. Қаһарман қыздың өмірі мен өшпес ерлігі жайлы А. Михалков-Кончаловский «Мәншүк туралы жыр» атты көркем фильм түсірді
Cұраққа қысқа жауап беріңіз. Мәншүк Мәметованың шын аты кім?
Мәтін бойынша кестені толтырыңыз.
Мәншүк қайтыс болған жыл
Кеңес Одағының батыры атағы берілген жыл
Мәншүк Мәметованың соғыс кезіндегі атағы қандай болды? Мәтін бойынша екі дұрыс жауапты анықтап, қанат белгісін (ü) қойыңыз.
A
артиллерист
B
қатардағы жауынгер
C
пулеметші
D
генерал
I
мерген
F
аға сержант
Оқылым дескрипторы
Сұрақ
Жауап
Жалпы
Cұраққа қысқа жауап
1
5
Сән қай тілден аударылады?
1
Сән қазір
1
Мәтін бойынша екі дұрыс жауап
2
Жазылым
Берілген үш сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат
белгісін (ü) қойыңыз.
«Кітап оқудың пайдасы» тақырыбына эссе жазыңыз.
ЭКСПО көрмесінің тарихы туралы ақпарат жазыңыз
Жас өнертапқыштар туралы мектеп газетіне мақала жазыңыз
Жазылым дескрипторлары
Мазмұны мен дұрыс жазылуы ( )
Тілі ( )
5
Өте жақсы
Жауап толық, нақты негізделген және
өте жақсы суреттелген, қарапайым
және күрделі идеяларды тиімді
ашады. Жазба жұмысының құрылымы
мен жазылуы жоғары деңгейде, негізгі және қорытынды бөлімдері нақты жазылған, келтірілген аргументтері байланысқан және мазмұнын ашады.
Өте жақсы
Сабақтас құрмалас сөйлемдерді дұрыс және сәйкес келтіріп жазған, сөздік қоры мол, стильдік қолданысы өте дұрыс.
Нақты және жүйелі, елеусіз қателері бар.
4
Жақсы
Көптеген түрлі мысалдар мен сілтемелерді қолданған жауап, қарапайым және кейбір күрделі идеяларды ашады. Жазба жұмысының логикалық дамуы жақсы, аргументтерді қолдануы мен қорытынды жасау қабілеті көрінеді.
Жақсы
Грамматикалық формаларды көбіне сәйкесінше жақсы қолданады. Түрлі лексикалық минимумды қолдануға тырысады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы дұрыс. Жалпы нақты, елеусіз қателері ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
3
Қанағаттанарлық
Жауапта бірнеше мысалдар келтірілген, бірақ барлық жағдайда негізді емес, қарапайым идеяларды ашқанымен, суреттеуі аз. Жазба жұмысы дұрыс жазылған, бірақ кей кезде аргументтері логикалық жағынан дамытылмаған
Қанағаттанарлық
Қарапайым грамматикалық формалар мен күнделікті лексикалық минимумды қолданады, сөздік қоры жеткілікті, стильдік қолданысы көп жағдайда дұрыс.
Көбіне нақты, қателері бар, бірақ ақпарат беруге кедергі келтірмейді.
2
Төмен
Негізгі тақырыпты ашуға тырысады, бірақ көптеген қателер мен сәйкессіздіктер бар, тек қарапайым идеяларды ашады. Жазба жұмысының құрылымы шектеулі, аргументтері дамымаған.
Төмен
Сөздік қоры шектеулі, жай сөйлемдерді қолданады, қайталаулар көп, сөздік қоры мен стильдік қолданысы жеткіліксіз. Орфография мен негізгі грамматикалық формалар қате қолданылған, мағынасы кейде түсініксіз.
1
Өте төмен
Жауап түсініксіз, тақырыпқа байланысты сілтемелер аз, сұраққа жауап бермейді. Жазба жұмысының құрылымы сақталмаған және аргументтерді қолдануы төмен деңгейде, идеялары жүйесіз.
Өте төмен
Тек қарапайым сөйлемдер мен шектеулі сөздік қорды қолданады, көп құрылымдары аяқталмаған және қате. Көптеген қателіктер кетірген, түсінуге қиындық келтіреді.
0
Жауап жоқ.
Жауап жоқ.
Қазіргі заманғы Қазақстан туралы, басты ұлттық символдардың бірі – Алтын адамды еске алмай ойлау мүмкін емес. Алтын адам ХХ ғасырдың 70 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында табылған болатын.
Есік қаласының шет жағында осыдан 30 жыл бұрын, бұл күндері кеңінен танымал сақ қорғаны табылған. Оның астында, шыршаның бөренелерімен қапталған мазарда, ағаш еденнің үстінде алтын тіліктер қадалған киім киген (Алтын адам) сақ жауынгерінің сүйегі жатқан. Басына күн құдайының символындай қанатты аттар бейнеленген, әшекеймен безендірілген биік үшкір бөрік кигізілген. Жерленген адамның қаруы ұзын қылыш пен қысқа қанжардан тұратын. Жауынгердің саз балшықтан жасалған құтыға құйылған қымыз, кесек-кесек ет салынған ағаш подностар, күміс пен қоладан жасалған қымбатты құтылар қойылған.
Табылған мола 40-тан астам қорғаннан тұратын және тарихтың көптеген құпияларын сақтаған үлкен мазардың оңтүстік шетіне орналасқан. Антропологтардың анықтамасы бойынша Есік қорғанында жерленген адамның жасы 17-18-дерде және ол біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырдың аяғында өмір сүрген.
Ашық аспан астындағы «Сақ қорғандары» мұражайында болу – осыдан мыңдаған жылдар бұрын Ұлы Дала өңірінде құрыла бастаған қазақ мемлекеттігінің бастамасымен танысу.