
"Күш атасын танымас"- деген сөз қайдан шыққан?Қазақ халқының даму тарихында басынан кешкен әр түрлі оқиғаларды,тарихи тұлғалардың ойда қалар іс-әрекеттерін,табиғат кқұбылыстарын бәрін ойша қорытындылап,тұжырымдап отырған.Өмір тәжірибесі ретінде ауызекі әңгімеде айтылып отырған.Осындай тұжырымдар,қанатты сөздерге, мақал мәтелге айналып, ойының дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен бала тәрбиесінде тәлімгерлік роль атқарған."Күш атасын танымас"-деген сөзде халық жақсылығын асқақтатқан,жамандықты жерлеп құртқан,осындай тұжырымды сөздердің бірі.Адамзаттың даму тарихында алғашқы кезеңдерде тек қара күшке ғана орын берілген.Кейін адамның ойлау қабілеті артып,білімді болу бірінші жолға қойылған."Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар"- деген сөз осы кездері шыққан.Алып күштің иесі, қазағымның палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовты осы кезде айта кету керек.Өз кезінде талай озбырлық көрседе,күшімен әлемді мойындатқан палуан.Сол дәуірдің сұрқия амалдары оны Қара Иван деп шығарсада,түбі әлемге қазақты танытып, күшін мойындатып кеткен тұлға."Күш атасын танымас"- деген тұжырымға тағы бір мысал айта кетейін.Қазақтың Балуан Шолағы базар аралап келе жатып, шетте мүсіні келіскен кертөбел атты көзі шалады.Касында бір адам ошаққа от салып отырғанын көріп, сол адамды күшіне сеніп лақтырмақ болып,атты алмаққа ұмтылған екен. Сонда әлгі а Шолақтың өзін көтере түрегеліп лақтырып тастаған ғой.Балуан мұндай алып күшті күтпесе керек,атына қарғып мініп желе жөнеліпті.Арттағы адам:Сенің көздегенің кертөбел ғой, ала ғой-деп айқайлапты."Өлімнен ұят күшті"- деп, қарай алмапты Балуан.Сол кезде сендім, "Күш атасын танымайтынына"- деп Балуан еске алған көрінеді.Қазірдеде біздің елімізді күшімін аренада белдесіп ,әлемге танытып жүрген балуандарымыз өте көп."Күш атасын танымас"күші мен ілімі қатар дамыған жастарымыз көп болсын
Өмірдің өзі де ұстаз. Бірақ осынау «ұстаз» сөзінің астарында мыңдаған білім мен ғылым, махаббат пен сүйіспеншілік жатқанын байқай бермейміз. Ұстаз болу кез келгеннің қолынан келе бермейді. Шәкірт тәрбиелеу, оны биікке жетелу, қанаттандыру, жаны мен тәнін, болмысы мен барын беру тек ұстаздың қолынан келетін қасиеттер.
Тарыдай болып кірген күніңізден бастап мектеп қабырғасында сіздің еркелігіңізді көтеретін де, қателіктеріңізді кешіретін де, сабақ бере отырып сүйіспеншілікке баурайтын да, махаббатқа тәрбиелейтін де, өмір сүрудің қыр-сырын үйрететін де ұстаздар қауымы. Таудай болып шыққан күніңізде де талабыңызға тілекші болып отыратын тағы да ұстаз.
Ұстаздардың еңбегін ұлы ететін өздері емес, шәкірті. Білім нәрімен сусындатып, үйретуден талмаған ұстаздың сан жылдар бойғы еңбегінің жемісі – аяулы әрі білімді шәкірт. Бәйгеден оза шауып, мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік келген шәкірт үшін ұстаздың қуанышы сіз бен бізге елестетуге келмейтін сезім.
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған күні сізді құшаяқ жая қарсы алған аяулы жанның екінші анаңыздай болып кетерін сезініп көрдіңіз бе?! Әрине, жоқ. Бірақ әрбір күн өткен сайын жаныңыздан табылып, әр аптаның жеті күнінде жеті рет көрісіп, көңіл ұясына тұрақтап қалған ұстазға деген махаббат өлмек емес.
ответ:д иле б
Объяснение: