Объяснение:Абай Құнанбайұлы қазақ халқының маңдайына біткен жарық жұлдызы. Туған елінің мәңгі үлгі тұтар бірегей тұлғасы. Замана көшін алға сүйреп, өз дәуірінің тамырын басып қалам тербеген арда азаматы.
Абай халықтың жоғын жастанып, кемел жолға бастар жолды іздеді. Сол жолда аянбай тер төгіп, өз заманының сипатын, халқының сол кездегі жағдайы мен психологиясын, жеке адам бойындағы жақсы не жаман ниеттерді, өзінің дүниетанымында бейнеледі. Артына қалдырған мол мұрасы қазақ мәдениеті мен әдеби тілінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Семей – Шығыс Қазақстан аймағының ең ірі қаласы. Ертіс өзенінің бойында орналасқан әсем қала.
1718 жылы әскери бекініс тұрғызылған кезде қала негізі салынды. Алайда, Ертіс суының жырғадан асып ағылуына байланысты 1778 жылы бекініс өзеннен 18 шақырым қашықтықта орналасқан жерге көшірілді. 2008 жылы Семей қаласы өзінің 290 жылдық мерейтойын атап өтті. Қала аумағы 210 шаршы шақырымды құрайды.
Семей қаласы - Түрксіб темір жол магистралінің бойында орналасқан ірі жол торабы. Ірі жол торабы Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймағын Ресей елімен байланыстырады. Сондай-ақ, Семейде өзен порты жұмыс істейді. Ал қала аэродромында әскери авиация тұрақтанған.
Қала орналасқан жердің қыртысы жазық дала, табиғаты таңғажайып. Жазық дала ауасы таза әрі шипалы. Ертіс өзенінде орналасқан артезиан ұңғымаларындағы таза су бүкіл қаланы таза сумен қамтамасыз етеді. Семей қаласынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан қылқан жапырақты орман аясында таза су бұлағы бар. Жергілікті халық бұлақ суының емдік қасиеті бар деседі.
1945 жылдан бастап Семей жерінде ядролық сынақтар жүргізіле басталды. 40 жыл жүргізілген сынақтар жергілікті халық денсаулығы мен өңір табиғатына кері әсерін тигізді. Ядролық сынақтар 1991 жылы 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бұйрығымен тоқталды. Бұл күнде полигон жабық. Алайда, зиянды сынақтар өткен жерге алыс-жақын шетелдерден туристер көптеп ағылады. 2001 жылы 29 тамызында Семей қаласындағы «Полковничий» аралында Семей ядролық полигон құрбандарына арналған үлкен ескерткіш қойылды. «Өлімнен де күшті» мемориал жобасының авторы – Шота Уәлиханов.
Бүгінгі Семей қаласы инфрақұрылымы дамыған, кең алқапты саябақтар мен көрікті мекендерге бай еліміздің тарихи және мәдени орталықтарының бірі. Қалада Қазақстан Республикасының байырғы өлкетану мұражайы, Абай мен Ф.М. Достоевский мұражайлары, Невзоровтар әулетінің бейнелеу өнері мұражайы, Ф.М. Достоевский атындағы орыс драма театры және Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры т.с.с 36 мәдениет мекемесі орналасқан.
Объяснение:
Осы жерде күрделі сөздер бар
Қажымұхан атамыз өте батыл,төзімді адам болған.Қазіргі балдарға үлгі берген адам.Көпір жоқта көпір болған.Үстінен көлік өткен.Қажымұхан атамыз үшін бұл өте оңай болған.Сонша батыл болғаны соншама,тастын өзін оңай көтеретін еді.Қазақтың мақтанышы Қажымұхан!ие:
Объяснен
както так