Сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстар тобынан жасалған фонетикалық бөлшек буындеп аталады.Дауысты дыбыстар буын құрауға негіз болады.Дауыссыз дыбыстар буын құрай алмайды. Сөздің құрамында қанша дауысты дыбыс болса, соншабуын болады. Мысалы, қарлығаштардың деген сөзде бес дауысты дыбыс бар, яғни сөз бес буыннан құралған.Қазақ тілінде буынның үш түрі бар: 1) ашық буын; 2) тұйық буын; 3) бітеу буын.Бір дауысты дыбыстан құралған және дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталған буын ашық буын деп аталады. Мысалы, а-на, ба-ла, да-ла, бе-ре-ке, ә-ке, ша-ға-ла, же-ті, та-ға, т.б.Бір ғана дауысты дыбыстан құралған буын жалаң ашық буын деп аталады. Мысалы, ә-же, ұ-лы, ү-кі, а-та, т.б.Тұйық буын дауысты дыбыстан басталып,дауыссыз дыбысқа аяқталады. Мысалы, айт, өр, ант, ән, ұлт, аң, ұрт, үй, арс, ел, өрт, т.б.Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталған, яғни ортасы дауысты дыбысекі шеті дауыссыз дыбыс болып келген буынбітеу буын деп аталады. Мысалы, Бұлт, жер, қант, той, құрт, тау, жұрт, жез, төрт, дос, серт, гүл, мұрт, қол, бырт-бырт, сарт-сұрт, жарқ-жұрқ, сөз, көз, май, дөң, дүлдүл, мазмұн, жолдастық, т.б.
1. Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер *зат есім* деп аталады. Зат есімдердің соңғы дыбысына сәйкес көптік жалғаулары жалғанады. Дауысты дыбыстар және -р, -у, -й дыбыстарыан соң -лар, -лер жалғаулары жалғанады. -з, -ж, л, -м, -н, -ң нан кейін -дар, -дер жалғанады. ————————- Зат есімнің септік жалғаулары арқылы өзгеруін *зат есімнің септелуі* дейді. ———————— Жалқы есім — жеке заттың, құбылыстың атауы болатын сөз, сөз тіркесі. Жалқы есімге адам аттары (антропонимдер), географиялық атаулар (топонимдер), діни атаулар (теонимдер), жануарлар атаулары (зоонимдер), аспан денелерінің атаулары (астронимдер), тарихи уақиғалармен байланысты мезгіл атаулары (хрононимдер), рухани нысандар атаулары (идеонимдер) т. б. жатады. ———————- Жалпы есім— бірыңғай заттар мен құбылыстардың жинақты атауларын білдіретін зат есімдер: адам, қала, өзен, көл, сағат, отын, су, сана.