М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
Alecsei278Z
Alecsei278Z
25.03.2020 12:59 •  Қазақ тiлi

Менің атым қожаның авторы кім?​

👇
Ответ:
NikolayTop
NikolayTop
25.03.2020

"Менің атым Қожа" — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – Бердібек Соқпақбаев.

Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылды.

1963 жылы "Қазақфильм" студиясы осы кітап бойынша жазылған киносценарийді экранға шығарды.

4,8(87 оценок)
Ответ:
frends06
frends06
25.03.2020

Бердібек Соқпақбаев.

Объяснение:

Ең оңай сұрақ!

4,7(43 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Pelmenchik
Pelmenchik
25.03.2020

Ана! Осынау ардақты есімді атаудың өзі қандай бақыт!Үш-ақ әріп,дүниені нұр шуағына бөлеп,жылуын бөлген Күндей,өмірдің тұтқасындай болған асыл жан – Ана.Мейлі қай ел болмасын,қай тіл болмасын «Ана» деген сөздің мәні ерекше қастерлі. Ананың махаббаты,ананың жүрегі – бәрі-бәрі судай мөлдір,жібектей нәзік,шынайы. Оның құшағы – ең жылы.Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың құшағы,сондықтан да ол – сәби үшін ең жылы ұя, — деп дана халқымыз қалай айтқан десеңші?!Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ.Адамдар – барлығы өз аналарының перзенттері.Сен мейлің 50-де бол,жүзде бол бәрібір анаң үшін сен перзентсің.Ана болмаса батыр да,ақын да болмайды.Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді. «Бала – ананың жүрек еті,әкеенің білек еті»-деп ата-бабамыз айтқандай,ана үшін баланың орны ерекше. Ана – өмірдің өлең жыры,жарық күні,жайқалған гүлі,шуақ-нұры.Иә,ана деген сөзге бәрі де сыяр еді-ау,әрине оған дәл теңеу таба білсең…Жер бетінде анаға тең құдірет жоқ шығар.Ана әрқашан балаларына өз ауырғанын білдірмейді,жетістігімізбен мақтанып жүреді.Бала да анасын қуантуды өзіне бақыт санайды.Ананың жадыраған жүзін көру біз үшін де бақыт.Анамен бала жүрегі әрдайым бірге.Өмірде баласы бір жағдайға ұшырап қалса,ана жүрек шырылдайды ғой,шіркін!Ана – өмір!Ана – төзімді ,қайсар,құдіретті.Ана жүрегінен мейірімді,төзімді нәрсе жоқ.А шыр етіп дүниеге келгеннен бастап анасының ыстық мейрімін,махаббатын сезіп өседі.Ана әйел, адам ретінде де қараңғыны нұрландырған жұлдыздай жарқырап,күндей күлімдеп жүретін ғажайып жан.Айта берсек, ана жайлы қозғалмаған әңгіме,айтылмаған ән жоқ шығар. «Анаңды Меккеге з рет арқалап апарсаңда,қарызыңнан құтылмайсың»-деген сөз бар.Ананың алдындағы парызыңды орындай алмасаң,бұл дүниеде бақытты өмір сүре алмайсың.Иә,ана жайлы жырламаған ақын да, жазушы да ,сазгер де жоқ шығар. Ана!Осы сөзді естігенде-ақ бойыңды бір жылылық баурап алатын тәрізді.Ана – ұлылардың ұлысы,махаббаттың бастауы.Кең дүниені шарлап,жер бетін араласам да анадан қасиетті,ұлы жанды таба алмас ем?! Неге екенін білмеймін «ең ыстық жан кім?» десе көзіме ана елестейді.Отбасының шамшырағы,ерінің асыл жары,баланың өмірі ол – Ана.Рас,ана бір қолымен бесікті тербетсе,бір қолымен әлемді тербетеді.Аналар адамды бесігінен бастап баулиды…Өмірдің ірге тасы да солардың қолымен қаланады.Шіркін-ай ,ана деген сөзді айтып жеткізудің өзі мүмкін емес шығар, сірә?! Әрбір адам анасын сыйлап өтуі тиіс. «Әке – асқар тау,ана – мөлдір бұлақ»- деп ұлы халқымыз қалай айтқан десеңші?!Биік тауға жақындаған сайын ауа тазара түседі,жұпар ауаны жұтып,жанымыз да рахаттанады.Дәл сол секілді ардақты әкеміздің арқасында еркін өмір сүреміз.Ал, «ана – мөлдір бұлақ» дегенге келсек, бұлаққа жуынып,серігіп қалатынымыз секілді,аяулы анамыздың махаббатынан да нәр алып өсеміз.Анамыз біздің тамағымыз дәмді болу үшін,киімдеріміз таза болуы үшін күнде тыным таппайды.Әке-анамыздың күн сайын айналып сүйгені,мейірімді құшағы,жылы сөздері – бәрі-бәрі біз үшін рухани азық. Ана деген сөзді естігенде елең етпейтін жан жоқ шығар,сірә?!Ана баласының бақытын,қуанышын аңсайтын жан.Сәбиді өмірге әкелгеннен бастап,түн ұйқысын төрт бөліп,дамылсызқамын жасап жүреді.Баласының тезірек аяққа тұрып,адам болып кеткенін тілейді.Ал,біз осыншама бақытқа баулып жүрген ананы сыйлап жүрміз бе? Кейбір жасөспірім балалар анасыз шетел жағалап жүргені өтірік емес.Ананың жылы алақанына зәру.Ал,ананың жылы алақанына бөленіп,аяғына тұрған соң,кейбір адамдар анасын тыңдамай,енді бірі анасын бағуға шамасы келмей қарттар үйіне жіберіп жатыр.Бұл не сұмдық.Кезінде , ана,шамасы келмеседе,өсіріп,баққан еді ғой.Ал,біз кімбіз сонда? Міне,ананың шексіз махаббатына осыншама мысал қарастырдық.Ана өмірдегі шексіз бақыт иесі.Ана – бәріне лайық.Ал,біз ананы құрметтеуіміз керек. Ана – мен үшін ең керемет,асыл жан. 8 наурыз – барша әйелдер қауымының күні.Аналар,ұстаздар ,әйелдер күні.Ол күні барша мұсылман халқы әйел адамды құрметтейді.Мен де осы күні анама шын жүректен сыйлық жасаймын.Анам бір қуанып қалады.Анамның осы жүзін көріп,мен де қуанып қаламын.Мен 8 наурыз барша әйелдер күнімен құттықтай отырып,анама зор бақыт,ұзақ ғұмыр,тек сәттілік тілеймін!Әрқашан жаздай жарқырап,күндей күлімдеп жүре беріңіз!Мен сізге және барша аналарға өзімнің жүрегімнен шыққан өлеңімді ұсынамын. Сырлы бояу ағызғандай сыясын, Ана – бақыт шарықтатқан ұясын. Ана – шексіз махаббаттың иесі, Ана –өмір,ар-намысың ұятың.

4,5(54 оценок)
Ответ:
sdaugel
sdaugel
25.03.2020

Абайдың қазақ жазба әдебиетінде тұңғыш рет маусымға байланысты туындылары жасалды. Табиғат сипаттамасында ақын ештеңе ойлап таппады, шамадан тыс көтермеді. Табиғаты туралы ойланып, оның қаламының астында әрбір сурет әдемі болды, қарсыласпайтын поэзияға толы еді, «Жаз» поэмасында ол Жайлаудағы ауылдың бейнесін сипаттайды. Бір өлкеде табиғат пен адам біріктіріліп, өзара әрекеттеседі. Jailau-ге көшу оқырманға қазақ халқының қамқорлығымен және көшпенділермен жұмыс істейтін сегменті ретінде көрінеді. Ауылдың ландшафтында малшылар, шопандар, балалар, аңшылар бар. Олар бәрібір өмір сүреді.

4,4(55 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ