Абай - ұлы ақын! Абай - қазақтың дара туған ақыны. Ол ерекше ақын. Ол ел үшін, халық үшін биліктен бас тартты. Әкесі қатал болғанымен, ол ерекше болды. Оның ерекше ақындық қасиетке баулыған әжесі мен анасы болды. Оның әрбір өлеңдерінде астарлы ой жатыр. Ол өлеңдерінің бірін тұспалдап, астарлы оймен жазса, ал енді бірін анық, ашық жеткізе біледі. Оның 45 ғақлиясы, яғни 45 қара сөзібар. Оның әрбір қара сөзі білім, өнер. тәрбие туралы айтады. Оны оқыған адам ерекше сезімге ие болады. Міне, осындай ерекше дара туған ақынын қазақтар мақтан тұтады!
Жиренше шешен (туған-өлген жылы белгісіз) — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (15 — 16 ғ-лар) — қазақтың ақыл-парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған ділмәр шешені. Аңыз-әңгімелердің дерегі бойынша ол тарихта болған, әз Жәнібек ханның тұсында өмір сүрген кісі, бірақ тарихи шығармаларда Жәнібек ханның төңірегінде ондай адам болды деген дерек кездеспейді. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп. Олардың көпшілігі 15 — 16 ғ-лардан басталатын халық шығармасына немесе әлденеше адамның, бірнеше буынның өңдеп, өзгертуінен өткен ортақ мұраға айналып кеткен. Жиренше шешен туралы аңыздарда оның әйелі Қарашаш та ақылды әрі тапқыр жан ретінде суреттеледі. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі.
Где текст где тексст
Матин қайда