Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән беріп, оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді.Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.Біз өзі намысшыл халықпыз. Біреу итің жаман десе де намыстанып қаламыз. Тіл білетін қазақ – намысшыл. Тіл білмейтін қазақ одан да намысшыл. Оларды тіл білмедің деп шетке итермеу керек. Қайта бауырға тарту керек. Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алу керек. Әлемдік бәсекеге түскелі жатырмыз. Домбыраны шерткендей, біздің мықты мамандарымызды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап аларда олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа екендігі белгілі.Ал тілдің өзі - тарих тереңіне бойлатып, өнер мен мәдениеттің кәусар бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қазынасы. Олай болса, қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қолданылу аясын кеңейте түсу қажеттігі - заңды құбылыс.«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы” деп жазылған. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті» - делінген.Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен қазақ халқының ұлттық мәдениетін, ұлттық салт – дәстүрін, ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн.Қорыта келгенде, мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың түрлі саласына енгізіп, сапасын арттыру - уақыт талабы. Ал, уақыт талабын орындау – баршамыздың абыройлы парызымыз
Шаршы топ алдында сөз бастау, сөйлеу әрине оңай емес. Мен алдымен тіл туралы сіздерге өз ойымды айтқым келеді. Дене мүшелерінде ең жеңіл қозғалатын тіл. Сондай ақ адам мүшелерінің ішінде ең пайдалысы да, ең залалдысы да тіл. Әсем сөзбен арадағы дұшпандықты жоя аласың, асыра сөйлеп, жан досыңнан айрылуыңда мүмкін. міне тіл арқылы жеткізетін сөздің құдіреті. Мен бүгін сол тілдің жақсы сөйлегендегі құдіреті туралы айтпақпын. Мысалы: дәрігер науқас адаммен алдына келгенде оның дертіне шипа табылатынын, оған оның сенуі керек екенін, жылы және қарапайым түсінікті сөзбен жеткізсе, науқас түзеле бастайды, ал, түбінде ауруыңыздың емі жоқ, бара беріңіз десе науқас дерттен емес құсадан қайтыс болар еді. Жас ұрпақты тәрбиелеуде де, егер балаға күнделікті жылы сөйлеп, сыйластық танытсаң, бала ұстамды, түсінігі бар болып өседі, ал күнде сен адам болмайсың деп айқайлап отырсаң, ол сәбиден жақсы адам шығуы екі талай. Міне, тілдің құдіреті, тілдің адам сезіміне әсер етуші құрал екендігінің дәлелі. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.