Бауыржан Момышұлы – соғысты өз көзімен көрген жазушы. Ол – суреткер. Батыр Бауыржанның айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармасының кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың бел ортасында өзі болғандықтан автор әнгімені өз атынан айтады. Ол сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.
Қазақтың Бауыржан Момышұлындай ұлы перзентін таныстырып жату артық. Ел оның ерлігін, жазған кітаптарын біледі. Оның мірдің оғындай қанатты сөздері де халықтың аузында жүр. Сөйтсе де сол сөздерді жүйелеп беріп, жинақтаса, ол жаңа бір сипатқа еніп, халқымыздың батыр ұлының абыздық қырын аша түседі.
Соғыста 207 рет шабуылға шығып, бірнеше рет жараланып тірі қалғаны, өмір бойы ешкімге бас имей тек өз ар-намысының ғана құлы болғаны, халқының қамын ойлап, болашағы үшін күресіп өткені, өмірдегі өзі арқалаған ауыр жүгін, қоғам алдындағы өз парызын терең түсінгені – осының бәрі Баукең шығарған қанатты сөздердің қайнар бұлағы. Баукеңнің нақыл сөздеріне айналған, оның басынан кешкен жайттары ғана емес, өмірден көріп білгені, көкірек-көңіліне түйгені, жүрегіне ұялағаны, қоғамға, болашаққа деген ой-пікірлері.
Ал бұл ойларды жинақтап, мақал – мәтел деңгейіне дейін көтеріп, болашаққа өсиет ретінде жазып қалдыру – тек Бауыржан Момышұлы сияқты талантты тұлғаның ғана қолынан келетін іс.
Батырдың өсиет сөздерінің көбі Ұлы Отан соғысы кезінде орыс тілінде жазылған, себебі бүкіл Совет Армиясының командирлеріне арналған. Қазіргі уақытта бұл өсиеттер екі тілде де қолданысқа ие. Батырдың артына қалдырған өсиет сөздерін топтай келе, тақырып жағынан ауқымы кең екендігіне көз жеткізуге болады «Елім» деп еңірген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. тақырыптарда өзінің дара, дана ойын жеткізуге тырысқан. Осы өсиет сөздерінің ішінде көбірек қалам тербегені қолбасшылық, сардарлық, әскери борыш жайында жазылған афоризмдері екен.
Батырдың өзі , сегіз қырлы бір сырлы «ел деп еңіреген ер» болғандықтан, бар білгенін, бар тәжірибесін өсиет ретінде артына қалдырған. Бұл өсиеттердің зор құндылығы жан тебірентетін білгірлікте. Батыр тек қана еуропалық және ресейлік әскери ғылыммен, әскери өнерге сүйенбейді, өз ата-бабаларымыздың жауынгерілк дәстүрлеріне арқа тірейді. «Білек бірді жығады, ақыл-айла мыңды жығады», «Ер намысы – ел намысы», «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді » секілді аталарымыздың ұшқыр сөздерін Бауыржан Момышұлы орынды пайдаланған. Сондықтан батырдың өсиеттері қазақ жауынгерлеріне өте жақын, ойларына азық, бойларына қуат беріп тұрады..
Қанатты сөздер жайдан-жай тумайды және оны айтып қалдыру кім болса соның қолынан келе бермейді. Ол үшін ғұлама, терең ойшыл, үлкен философ, ақынжанды және өз басы күнделікті күйкілжің өмірден жоғары тұратын ірі тұлға болуы керек. Бәукең, міне, сондай адам. Ол кісінің нақылдары сан алуан тақырыпқа арналған: соғыс және бейбіт өмір, тәртіп пен тәрбие, парыз бен қарыз, тіл мен әдебиет, салт пен дәстүр, тағы сол сияқты болып жалғаса береді. «Намысты нанға сатпа», «Ердің туы – намыс». «Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тіке тұрып өлген артық», «Ұшқынсыз от тұтанбас», «Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз», «Тәртіпке бағынған құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», «Тіл тазалығы үшін күрес ешқашан толастамақ емес» т.б. сөздері жастың да, кәрінің де санасында жатталған ұлағатты сөздер.
:)Туған жер-бұл сөздерді естігенде,жан дүниеңе ыстық сезім ұялайды.Туған бірдей жер болмас,туған елдей ел болмас...деген қанатты сөз бар.Шынымен де,туған жердің əрбір тау мен тасы өзені мен көлі ,ауасы мен топырағы бəрі де адам үшін ыстық болады.Адамның туған жері көзге жылы,көңілге ыстық көрінеді.Туған жеріңе деген сүйіспеншілігіңді сөзбен жеткізе алмайсың. А туған жерін ешқашан ұмытпайды.Менің туған жерім мен үшін қымбат. Менің туған жерімнің тұнық ауасымен деп алып, бақытты өмір сүріп жатырмын.
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын.