М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
vovaste
vovaste
02.01.2022 08:22 •  Қазақ тiлi

Спортқа деген көзқарастарың қандай? Қандай Қазақстандық боксшыларды білесіндер? Қазақстан спорты туралы пікірлерің қандай?​

👇
Ответ:
eva272727
eva272727
02.01.2022

Спорт өте пайдалы. Адамның өмірі үшін ең маңызды нәрселердің бірі.

Қазақстандық боксшылар:Әбілхан Аманқұл,Қанат Әбутәлімов,Руслан Мырсатаев.

Спорттың Қазақстанда Жақсы дамығаны дұрыс. Менің ойымша Қазақстан спортқа жақын ел болу керек. Сондықтан Қазақстан дағы спортқа қарсылығым жоқ.

4,4(2 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған.
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
4,4(10 оценок)
Ответ:
stydent65
stydent65
02.01.2022

Сөйлем мүшелерінің құрамына қарай бөлінуі.

Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады. Қазақ тілінде бес сөйлем мүшесі бар: бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш.

Сөйлем мүшесінің белгілері:

1) толық мағыналы сөз болу керек;

2) сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұру керек;

3) сөйлем мүшелерінің бірінің сұрағына жауап беру керек.

Мысалы, Жылы желдің әлсіз ызыңы естіледі. Сөйлемде толық мағыналы бес сөз бар. Олардың әрқайсысы белгілі бір сұраққа жауап беріп тұр. Жылы – қандай? – сындық ұғым атауы, желдің – ненің? – заттық ұғым атауы, әлсіз – қандай? – сындық ұғым атауы, ызыңы – несі? – заттық ұғым атауы, естіледі – қайтеді? – қимылдық ұғым атауы.

Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі және үйірлі мүше болып үшке бөлінеді.

Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады.

Мысалы, Аман жиналғандармен қысқа амандасты.

Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі – бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.

Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады.

Мысалы, Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.

Сөйлемдегі Еңбек Ері Ыбырай Жақаев – күрделі бастауыш, екі рет – күрделі пысықтауыш, Алтын Жұлдыз медалімен – күрделі толықтауыш, марапатталған еді – күрделі баяндауыш.

Үйірлі мүше – кемінде екі не одан да көп сөзден құралып, бастауыштық-баяндауыштық қатынастан тұратын, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаратын сөздер тобы. Үйірлі мүшелер көбінесе бар, жоқ, аз, көп тәрізді сөздерге және сын есімдер мен есімше тұлғаларына аяқталады.

Мысалы, Білімі көп адам жерде қалмайды. Білімі көп – қандай? адам – үйірлі анықтауыш. Сөйлемнің бес мүшесі де үйірлі бола алады.

4,8(38 оценок)
Это интересно:
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ