М
Молодежь
К
Компьютеры-и-электроника
Д
Дом-и-сад
С
Стиль-и-уход-за-собой
П
Праздники-и-традиции
Т
Транспорт
П
Путешествия
С
Семейная-жизнь
Ф
Философия-и-религия
Б
Без категории
М
Мир-работы
Х
Хобби-и-рукоделие
И
Искусство-и-развлечения
В
Взаимоотношения
З
Здоровье
К
Кулинария-и-гостеприимство
Ф
Финансы-и-бизнес
П
Питомцы-и-животные
О
Образование
О
Образование-и-коммуникации
ник5044
ник5044
12.04.2023 15:23 •  Қазақ тiлi

Шеген менің аяғымдағы толып жатқан жара мен жарықтарын көріп, басын шайқады да: — Уай, мынауың болмайды, — деді, түсінемісің дегендей көзіме қадала қарап. — Ең алдымен адамға бас керек. Онсыз өмір Оғап молданың көрінен де қараңғы болады. Онсыз өмір құраннан жаман, түсіне алмайсың. Екінші, бізге аяқ керек. Қашсаң — құтылатын бол, қусаң жететін бол. Керек боп қалса, құстай ұшатын бол! Мынадай табан бола ма екен қырық тесік! Аяғыңның жалпы бітімі жаман болмағанмен қазіргі хәлі қанағаттанарлық емес деп танимын... Жата тұр құмның үстінде. Мен қазір келем, — деп, Шеген қалаға қарай жүгіріп кетті.

— Дәрі әкеледі. Екі күнде жазып береді! —деді Бораш, ұзай берген Шегенге риза көзбен қарап. Жүзіндегі күрсініс ізі осы арада ғана түгел бір жойылып кетті.

— Сен қалай ақсадың? — дедім Борашқа, іскен оң, тізесіне қолымды апарып.

— Әй апам қораның төбесінен құлатып жіберді.

«Әй апасы» өгей шешесі екенін түсіндім де, одан арғыны қазбалағаным жоқ. Бораш шорланып бітіп келе жатқан оң тізесін сипалай отырып:

— Соқаның үстіне құлап түстім... Шеген ағам жазды ғой әйтеуір... Енді бір айда жүгіруге жарайсың дейді... Балық майынан жазылды. Тіпті жазылып қалып еді, әнеугүні «дегдом» ұстап ала жаздап, содан қашқанда тағы бүлдіріп алдым, — деді. Бұл жолы өзінің қашып құтылғанына мақтанатындай жымиып та қойды.

— Мен де керемет жүйрікпін! — дедім, мақтанғым келіп кетіп.

— Ойбой... Шегендей емес шығарсың!.. Шеген қайда, ол!.. Ол ағып бара жатқан машинаны қуып жетіп, асылып кете береді! Біреу көріп қалса, қарғып түсіп, кете беруі де түк емес. Ол әшейін желаяқ! — деді Бораш, масаттана сөйлеп.

Айтылым.

1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сүйеніп, ақпараттың дұрыс не бұрыстығын анықта.

1. Ең бірінші адамға бас керек.

2. Борашты қораның төбесінен әкесі итеріп, құлатты.

3. Екінші, бізге қол керек.

4. Шеген ағып бара жатқан машинаны қуып жетіп, асылып кете береді.

5. Қайрош та жүйрік.

👇
Ответ:
Лес333
Лес333
12.04.2023

1.дурыс

2.бурыс

3.дурыс

4.бурыс

5 .бурыс

4,5(62 оценок)
Открыть все ответы
Ответ:
Anonim1678
Anonim1678
12.04.2023

Астана қаласы – Қазақстан Республикасының елордасы (1997 жылдың 10 желтоқсанынан). 2011 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, халқының саны  697 257 адамды құрайды. Халық саны жағынан бұл қала - Қазақстанда Алматыдан кейін екінші орында. 


Қаланың байырғы атаулары – Ақмола (1830-дан 1961 жылдарға дейін), Целиноград – 1961-ден 1992 жылдарға дейін, Ақмола – 1992-ден 1998 жылға дейін. 

 

Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.

Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Президент Н.Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға (ол кезде Ақмола) көшті. Бұл шешімге көптеген себептер болды, негізінен елдің экономикалық және геосаяси мүддесіне байланысты. Астана ел аумағы ортасында орналасып, Еуропа мен Азияға көпір болып тұр. Қала елдегі экономикалық ірі аймақтардан алшақ жатыр. Өнідірісі дамыған болуы, аграрлы инфрақұрылымының болуы, маңызды транспорттық торап мәртебесі, жағымды экономикалық жағдайда болуы, үйлесімді табиғаты мен халық санының аз болуы – міне, осы факторлардың барлығы аталған қаланың астаналық мәртебесіне сай келіп, оның дамуына түрткі болды.

Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған. Ал қазірде мұнда 70 метр және одан да зәулім үйлер көп.

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.

Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.

Құрылыс барысында еуропалық технологиялар пайдаланылды. Сонымен қатар оған жергілікті және түркиялық, италиялық, француздық және швейцариялық компаниялар атсалысты. Жеделдетілген құрылыс қарқыны 6-7 жылдың шамасында Қазақстанның даласынан заманауи модернизацияланған, қайталнбас бейнесі бар қала тұрғызуға мүмкіндік берді.

4,5(31 оценок)
Ответ:
misarevakin6
misarevakin6
12.04.2023
Қаланың орналасуы - ескі керуен жолдарының қиылысу стратегиялық тиімді нүктесі даланың тұрғындары тартылған. Археологтар қола дәуірінің, темір дәуірі мен ерте орта ғасырларда салынған, қалада артефактілерді табу. Осылайша, 2001 және 2005 жылы. Ол қола дәуірі мен ерте темір дәуірінің Күйгенжар ​​қабірлері зерттелді. 2007 жылы, ішінара Тәуелсіздік сарайына жақын орналасқан Сығанақ (2011 жылдан бастап Sh.Kaldayakova көшесі), тыс корольдік үйiп тиелген зерттелген. Қаласында орналасқан басты тарихи сайттар бірі, Бозоқ қаласы болып табылады - ескерткіш ерте ортағасырлық бері жұмыс істейді epohiKazahskogo хандығы үшін (VII-VIII ғғ.) (XV-XVI ғғ.).Вроде о но?
4,7(44 оценок)
Новые ответы от MOGZ: Қазақ тiлi
logo
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси Mozg
Открыть лучший ответ