Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды (заңның толық мәтіні). Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні болып тойланады.
Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің бірегейлігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік рәміздер – Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында күн сәулесі түсірілген, оның астында қалықтаған қыран бейнеленген көк түсті төртбұрышты тақта. Білігінде ұлттық ою-өрнекті тік жолақ бар. Күннің, оның сәулелерінің, қыран құстың бейнесі және ұлттық ою-өрнек – алтын түсті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы шеңбер тәріздес және көгілдір түс аясындағы шаңырақтың бейнесі болып табылады, одан уықтар күн сәулесі түрінде жан-жақты тарайды. Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақтардың бейнелері орналасқан. Жоғарғы бөлігінде көлемді бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыз, шаңырақ, уықтар, мифтік аттар бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» жазуы – алтын түсті.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны
Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде белгілі болған Қазақстанның әнұраны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2006 жылы 6 қаңтарда ел Парламентінде бекітілген. Ол алғаш рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты түрде ұлықтау рәсімі кезінде тыңдалды.
Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқов, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов және Нұрсұлтан Назарбаев.
Объяснение:
1.Қазақ халқының ерте заманнан бастау алған зергерлік өнері халық өмірімен, тарихымен, шаруашылығымен тығыз байланыста дамып келеді. А ежелден әшекей бұйымдарды киімнің ажырамас бөлігі ретінде санаған. Кез келген қыз-келіншектің зергерлік бұйымдары, асыл тастары, онда бейнеленген ою-өрнек әсем келбетіне әдемі үн қосып, сымбатын одан әрі ажарландырып, тартымдылығын арттыра түседі. Олай болса, сұлулықтың нышаны болған ұлттық әшекейлерімізге қысқаша шолу жасап өтейік. Алқа – омырауға тағатын, көбіне күмістен жасалатын көркемдік бұйым. Білезік – күмістен, алтыннан соғылады. Жасалуына қарай алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б. түрлері бар. Жүзік – қымбат тастардан көз орнатылған жалпақ сақина түрі. Оның еркектер де, әйелдер де салатын түрлері болады. Отау жүзік, құдағи жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген атауы бар. Қапсырма – әйел камзолына, шапан сияқты киімдеріне тағылатын түйме қызметін атқаратын жалпақ күміс бұйым. Кейде әдемілік үшін бірінің астына бірі, бірнешеуі қатар тігілетін болған. Кейбір жерлерде қаптырманы ілгек деп те атайды. Сырға – құлаққа тағатын сәнді асыл бұйым. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б. Тұмар – сәндік үшін немесе Құран сүрелері жазылған қағаз салынатын омырауға тағатын жұмыр түтікше тәрізді жасалған салпыншақты бұйым. Тұмарша, бойтұмар деген түрлері бар. Зергерлік бұйымдарының тағу ерекшеліктері
Мәлімет көзі: https://jasqazaq.kz/2016/12/26/ltty-zergerlik-b-jymdar/