Алатау — Орталық Азия мемлекеттері мен Ресей Федерациясының Сібірдегі тау жоталарының жалпы атауы. Оларға Күнгей Алатауы, Кузнец Алатауы, Талас Алатауы, Қырғыз Алатауы, Жетісу Алатауы, Ыле Алатауы, т.б. жатады. Алыстан қарағанда мұндай таулардың төбесінен етегіне қарай мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан ақтаңдақтары тау жоталарына ала түс береді. Атауы соған байланысты. Әдетте, мұндай таулар заңғар биік болып келеді. Тау етектерінде орман, аңғарында таулық шалғын және дала белдемдері алма-кезек орналасқан.
Жетісу және Ыле Алатауының халық ұғымындағы жалпылама атауы.[1]
Салалас құрамластың құрамындағы жай сөйдемдер өзара бір – бірімен екі түрлі жолмен байланысады.
1. Интонация арқылы мағыналарының жаңындағына қарай іргелесе байланысады.
2. Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірінен өзара жалғаулық щылаулар арқылы байланысады.
Ыңғайлас мәнді да, де,та, әрі, және , мен жалғаулық шылаулар.
Қарсылық мәнді бірақ, алайда , дегенмен, сонда да, әйтсе де, сөйткенмен, ал тәрізді жалғаулық шылаулар.
Себеп – салдар мәнді өйткені , себебі, сол себепті, сондықтан, неге десеңіз тәрізді жалғаулық шылаулар;
Талғау мәнді не, немесе, я, яки, не болмаса, я болмаса, яеи болмаса, әлде тәрізді жалғаулық шылаулар.
Кезектес мәнді кейде, бірде , біресе тәрізді жалғаулық шылаулар.
3. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері .
Салалас құрмаластың құрамындағы жай сөйлемдер бір – бірімен өзара белгілі мағыналық қарым – қатынаста айтылады. Мағыналық қарым-қатынаста жұмсалуына қарай салалас құрмалас сөйлем мынадай алты түрге бөлінеді :
1. Ыңғайлас салалас.
2 Қарсылықты салалс.
3. Себеп – салдар салалас.
4. Ілектес салалас.
5. Талғаулы салалас.
6. Кезектес салалас.